Әнші

Саят Медеуов Алматыда концерт өткізбекші

http://www.kzkino.com/News/Upload/sayatmedewob_mungayama.jpg

Әнші Саят Медеуов сәуір айының 19-шы жұлдызында Алматыда жеке шығармашылық кешін өткізбекші. «Жұлдыздар әлемі» сайты әншіден концерт өткізу туралы пікірін сұраған болатын.

– Қазір бар уақытым концертке дайындалумен өтіп жатыр. Соған арнап әндер жазып жатқан жағдайым бар деп жауап берді Саят ағамыз.

– Концерт өткізудің қиындығын әншілер жиі айтады. Өзіңізбе қандай қиындықтар кездесуде?

– Болғанда қандай, мәселен Алматыдағы Республика сарайының бағасы 5 миллион тұрады.  Бұрын 1 миллион кезінде орындық 3200 болатын, кейін жөндеу жасалғанан соң шамамен 500 орынға қысарды. Ал бағасы 5 есеге көбейді. Кейде адамдар концерт бағасы қымбат деп өкпелеп жатады. Бұған кінәлі әншілер емес. Сахна бағасынан бөлек ол жерде қаншама адам жұмыс істейді. Міне, осының бәрін қосқанда өзіңіз-ақ есептей беріңіз. Оның үстіне жарнамаңыз бар. Ал енді өзіңіз пайымдап көріңіз. Әншілер керемет ақшаның астына қаламын деп кеш өткізбейді. Халық осыны түсінсе екен.

Ия, нарықтың өз заңдылығы бар. Әттең осы заңдылық біздің шоубиздің дамуына тұсау болып отырған секілді. Айтпақшы «Әншілер керемет ақшаның астына қаламын деп концерт бермейді» деген ойды Мұрат Қожа да өз сұхбатында айтқан болатын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Шындығында да солай. Мен өзім концерт өткізу үшін түрлі декарацияларды орналастыру қызметінде жұмыс жасадым. Ойебууууу…оңай емес екен. Көріп сезінбеген соң «Ей, қойш әншілер» ақшаға малынып отыр ғой дей салады екенбіз. 1 кеш өткізу біршама нерв пен шыдамдылықты қажет етеді екен. Қазақстанда жүріп әнші болмай*ақ қойдым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close