ЖаңалықтарПродюсер

Дәрігер: Есентаева жайында бір нәрсе айту әлі ерте

Пышақ жарақатымен ауруханаға түскен белгілі продюсер Баян Есентаева әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Алматы облысының бас дәрігері Асхан Байдуәлиев Bnews.kz сайтына берген сұхбат барысында хабарлады. 

«Баян Есентаева жайында бір нәрсе айту әлі ерте, оның жағдайы тұрақты-ауыр. Дәрігерлер кеше ғана ота жасады, әзірше жансақтау бөлімінде жатыр»-дейді Алматы облысының бас дәрігері сұхбат барысында.

Естеріңізге сала кетейік 10 маусым күні Алматы облысындағы Құлжа тас жолының бойында продюсер Баян Есентаева соққыға жығылды. Дәрігерлер продюсерге бірден ота жасады.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметшісі Көбейхан Мырзақұлов, продюсердің жұбайы Бақытбек Есентаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

10 пікір

  1. Казактын бир туар ер мінезді кызы Баян ханымның осындай халде болғаны барлық адам ды уайымдатпай қоймайды! Осы хабарды естигели жаным жай табар емес озимнин туғанымдай бир жаксы хабар болар дегендей аландап ойлау дамын! Тез жазылып, атағын бұдан да бетер жер жаргай демекпин! Ойласам жанарыма жаста оралады неге екенін білмеймін Баян ханымга деген улкен ұлы курмет бар тез жазылып кетиниз! Сиз кайсар, адал жансыз!

  2. Баян ханым сиз оте мықты жансыз беккем болыңыз сиз тек кана отбасынызга емес халыкка керек жансыз…тез сауыгып кетиниз мен тилекшимин..

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close