Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Бүгін Еуропа чемпионаты басталады

Бүгін түнде төрткүл дүниенің төрт бұрышындағы спортсүйер қауымның назары Францияға ауады. Онда футболдан Еуропа чемпионаты басталады.  Айта кетейік, биыл финалдық кезеңде 24 команда өзара мықтыны анықтайды. Бұл – құрлықтық доданың тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға.  Осыған дейін Еуропа біріншілігінің шешуші кезеңіне 16 ұлттық құрама қатысып келген. Төрт жылда бір өтетін футбол тойынан Пеле, Диего Марадона сынды есімдері аңызға айналған футболшылар да сырт қалмады.  Олар Париж төріне арнайы келді. Естеріңізге сала кетейік, дүбірлі доданың алғашқы матчында  Франция мен  Румыния құрамалары кездеседі.  Матч Астана уақыты бойынша түнгі сағат 01.00-де басталады.

Дереккөз: Khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close