ЖаңалықтарӘнші
Ғалия Мұратова: «Нәрестеміздің есімін Алиар деп қойдық»
Асыл тобының экс-әншісі Ғалия Мұратованың ана атанғанын жақында хабарлаған болатынбыз. Жас ананың айтуынша, нәрестенің салмағы 2 кг, 300 г. ал баланың бойы 58 см. болған екен.
Өнерлі Самекеновтер отбасы ұлдарының есімін Алиар деп қойыпты. «Алиар» деген есім араб тілінен аударғанда «Билеуші», «қожа» деген мағынаны білдіреді.
Алғашқы рет ана атану, әрине, үлкен бақыт. Бұны сөзбен жеткізу қиын. Сүйікті жарым Ален және өзімнің құрбыларым, Асылдың сұлулары мені демеп, қолдағандары мен үшін үлкен бақыт дейді жас ана.
«Жұлдыздар Әлемі» порталы атынан жас ата-анаға бақыт, шаттық тілейміз!