ЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат бола алмады.

Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова сынды өнер жұлдыздары Мәжіліс депутаттығына үміткер болатын. Олардың бұл қадамы қоғамда, әлеуметтік желілерде біраз шу туғызғаны да белгілі. Бірақ 127 үміткердің 84-і ғана депутат атанған кандидаттардың қатарында екі әншінің де есімдері аталмады.

Бұған дейін Қайрат Нұртас «Депутат болсам, ән айтуды қоямын» деген болатын. Алайда тыңдармандар сүйікті әншінің әнін еркін тыңдай алатын болды.

Сонымен қатар белгілі актер Асылхан Төлепов Алматы қаласының Мәслихатының депутаты атанды. Жап жас актердің бұл қадамына қоғамның қарсылығы жоқ емес. Күні кеше ғана жарқ еткен әртіс депутат болу қолынан келе ме? Оны болашақта көре жатамыз. Ал қазір оған сәттілік тілеуден басқа айтарымыз жоқ.

Халық қалаулысы атағына сай болуына тілектеспіз!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close