Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Тимур Бекмамбетов Головкин жайында деректі фильм түсірмек

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF жүйелері бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсірілетінін мәлімдеді. Туындыны белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов түсіреді.

— Кеше ғана Тимур Бекмамбетовпен кездестім. Біз Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді талқылап, түсіруді жоспарладық. Геннадий – өте мықты жігіт, ұлы чемпион, Қазақстанның мақтанышы» — деді министр «Время» газетіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, ақпан айында британдық «Superb Films Corporation» компаниясы да қазақстандық боксшы туралы фильм түсіруді жоспарлап отырғандары туралы хабарлаған болатын.

Дереккөз: Massaget.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Бекзат Саттарханов жайлы Мұстафа Өзтүрік жайында Қажымұқан Мұңайтпасұлы жайында неге түсірмейді? Бұл кімді не мақсатпен насихаттау? Əлде Қазақтың тектілігін ұмыттырып мəңгүрттікке баулу ма? Анық жауап берсін Арстанбек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close