Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

«Келін» телехикаясының жұлдызы Сиддхартх Шукла Қоянбаевтың жаңа фильміне түседі!

«Келін» телехикаяясының жұлдызы, үнді актері Сиддхартх Шукла қазақстандық «Бизнес по-казахски» фильміне түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Актер таяу уақытта Алматыға түсірілім алаңына келеді.

Идея авторы және фильм продюсері — әйгілі шоумен, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев. Ол өзі лентада басты рольдердің бірінде ойнайды. Фильмді музыкант әрі клипмейкер Жеңісхан Момышев түсіріп жатыр. Картинада Әбунасыр Серіков, Жан Байжанбаев («Рэкетир»), Макс Акбаров «Қызғылт қоян туралы ертегі», Гүлназ Жоланова («Махаббатым жүрегімде»), Құралай Әнуарбекова («Жаужүрек мың бала») да ойнайды.

Түсірілім жұмыстары мамыр айында басталды, маусымның соңына қарай бітеді деп жоспарланып отыр. Бизнестің қыры мен сырын, қиындығы мен қызығын айшықтайтын комедиялық жанрдағы фильм үстіміздегі жылдың күз айларында отандық кинопракатқа шығады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close