Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Индира Елемес «Практикант ағай» атты жаңа әніне бейнебаян түсірді!

Тыңдармандарына бейнебаян ұсынудан шаршамайтын Индира Елемес бұл жолы тағы да өз жанкүйерлерін қуантпақ!!!
«Практикант ағай» деп аталатын əнін алғаш рет «Таңшолпан» бағдарламасында тұсауын кескен болатын! Сол əнге тіпті бейнебаянда түсіріліп бітті… Өнердегі əріптесі, эстрадамыздың жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова да бұл клипте көрінетін сияқты…Одан басқа еліміздің танымал актерларын да көре аламыз! Елемес ханым осыдан бірнеше ай бұрын «Маған Уақыт бер, Тəңір» деп аталатын əніне тамаша бейнебаян түсірген болатын! Көпшілік көңілінен шыққан туындыны Режиссёр Алмас Гусманмен бірігіп жасаған болатын! Бұл жолғы жұмысы да сəтті, нəтижелі шығарына сенеміз! Түсірілім барысында көрші Қырғыз елінің еңбек сіңірген қайраткері Гүлшайыр Садыбақасова ханым өзі шығарған əніне, түсіріліп жатқан бейнебаянды көріп, өз ойымен бөлісіп, сұхбат беріп кетті…Ендеше Елемес ханымнан жаңа бейнебаян асыға күтудеміз…

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close