Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Рүстем Жүгінісов виртуалды әлемдегі таныстыққа қарсы шара қолданбақ!

Ағайынды Жүгінісовтердің үлкені Рүстем виртуалды әлемдегі таныстыққа қарсы шара қолданбақ. Әлеуметтік желіде хат жазысып, сезімін лайкпен білдіретін жастарға, әнші танысудың тың тактикасын ұсынып, оны өзінің жаңа клипі арқылы көрсетпек.

Рүстем бүгін де ойдағысын жүзеге асыру үшін іске кірісіп кетті, әлеуметтік желіде танысып, махаббат хикаясын бастан кешетін жандардың қылығын түсіне алар емес. Таспалап жатқан бейнебаянында танысудың түрлі тәсілдерін көрсетпек.

Рүстем Жүгінісов: Мен бір қызды көріп қойсам, мен ол қызды ұнатып қалсам, мен ол қыздың қасына қорықпай барып, сол қызбен танысуға тырысып, мен ол қыздың нөмірін аламын. Қыздың нөмірін өзім барып аламын, біреу арқылы сұрап емес, өзім барып сұрап аламын.

Жүгінісов жаңа клипінде де бұл қадамын қайталамақ. Виртулады әлемді мойындамайтын Рүстем «Ата-әжелеріміздің танысу дәстүрін жаңғыртқанымыз дұрыс»-дейді.

«Махаббат» деген трекке клип таспалап жатқан әнші туындының сазы мен сөзін өзі жазыпты.

Рүстем Жүгінісов: Колледжде оқып жүрген кезде бір қызға ғашық болып қалып, ән жүректен шыққан туынды.

Позитивке толы клип жігіт арудың назарын өзіне аудару үшін түрлі қадамдарға барады, мәселен…

Рүстем Жүгінісов: Клипте мен қызды қарату үшін оның артынан қуамын, оның алдына барып билеймін, ойыма келгенді істеймін. Ол үшін тырысып жатқанымды байқап, соңында бәрі жақсы болып бітеді.

Ал әнші екі аптаның ішінде көрермендерге ұсынылатын клипті көрген жандар виртуалды әлеммен қоштасып, шынайы өмірдің тәсілдің көшуіне ниетті.

 

Дереккөз: «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close