Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Геннадий Головкин: Спорттық мансабыммен қоштасатын шығармын

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин: «Уэйдпен кездескеннен кейін спорттық мансабымды аяқтауым мүмкін», – дейді.

Сонымен бірге қазақстандық боксшы қазіргі жағдайы туралы да сөз етті. «Шаршы алаңнан бөлек менің жеке өмірім бар. Бұл менің жұмысым, сондықтан қызметімді ерекше жақсы көремін. Егер мен кеңседе жұмыс жасайтын болсам, ол жерде де қызметіме ерекше көңіл бөлер едім. Спорттан, рингтен басқа жерде мен өте қарапайым жігітпін. Рингке шығу – ойын емес. Менің отбасым, балам бар. Мен өз қызметіме қашанда жүз пайыз дайын болуым керек. 34 жасыма дейін өзімді жақсы сезіндім. Әлі күнге 25 жастағыдай көрінемін. Мен 40 жасымда спортты бағындыра аламын ба? Бәлкім Уэйдпен жекпе-жектен кейін спорттық мансабыммен қоштасатын болармын. Мен дәл қазір өзімді жайлы әрі тамаша сезініп тұрмын», – дейді Головкин.

Дереккөз: Khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close