Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Мән-мағыналы 5 бейнебаян!

Қазіргі таңда мән мағынасы жоқ бейнебаяндар қаптап кетті, дегенмен де мән мағынасы мол, тәрбиелік мәні мол бейнебаяндар да бар. Назарларыңызға мән мағынасы мол 5 бейнебаянды ұсынамыз!

«Алашұлы» тобының «Мейірім» атты әніне түсірілген бейнебаян, мейірімділікке шақыратын бейнебаян. Әке не істес де, бала да соны істейді деп түсінік берген, мән мағынасы мол бұл бейнебаянды міндетті түрде көруіңіз керек.

Көрермендерге ой салып, әнді жүрекке жеткізген «Melo’Men» тобының «Перзент арманы» атты әніне түсірілген бейнебаяны.

Көрерменді еріксіз жылататын бейнебаяндардың бірі ол Қанат Үмбетовтың «Шамшырағым» әніне түсірілген бейнебаяны. Бейнебаян мән мағынаға мол, бейнебаянды тамашалаңыз, өкінбейсіздер!

Ұлықпан Жолдасовтың «Сәби бақыты» әніне түсірілген бейнебаянының шыққанына бірнеше жыл болса да, бейнебаян халықтың есінде сөзсіз. Сәбидің барлығы бақытты болуы үшін жаралған.

Атхабек Юлдашевтың бағын ашқан «Анама деп» аталатын бейнебаян көпшілікті жылатып, ананы әрдайым аяулауға, сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін бейнебаян!

Ғалымжан Сәңкібаев

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close