Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Азия чемпионатының бірінші күні қазақстандық дзюдошылар 3 алтын медальді қанжығалады

Ташкентте шымылдық түрген Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар 3 алтын медальді қанжығалады. Алтыннан алқа таққан спортшымыздың бірі – Отгонцэгцэг Галбадрах.  48 келіде өнер көрсеткен дзюдошы қыз ақтық сында Монғолиядан барған қарсыласын тізек бүктірді. Мариан Урдабаева да финалда жапондық спортшыны жеңіп, Азия чемпионы атанды.  Енді ерлер арасындағы жарысты айтар болсақ, 60 келі дәрежесінде Елдос Сметовтің бағы жанды. Соңғы шешуші сәтте ол өзбек дзюдошысын жеңді.  Елдос Жұмақанов қола медальды місе тұтса, Дидар Хамза ақтық сында жапондық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге иелік етті.

Дереккөз: Khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close