Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

Баян Есентаева Жарқынайдан асып түскен жеңімпазды анықтады

Танымал продюсер біраз уақыт бұрын инстаграм желісінде «Спой лучше Жарқынай» атты байқау жариялаған болатын. Жарқынайдан жақсырақ орындаған орындаушыға продюсер 100 мың теңге әрі бірге түскі ас ішуді уәде еткен болатын.

Байқау өз мәресіне жетіп, продюсерді тәнті еткен Толғанай есімді ару болды, оқырмандар да оның дауысын естіп, байқау әділетті болып, жеңімпаз шынында да талантты екенін жазып жатыр.

Байқаудың жеңімпазы — Толқын Забированың шәкірті, «Қазақстан дауысы», «X-Factor» сияқты байқаулардың қатысушысы Толғанай Пазылақын. Бұл талантты ару Қазақ елін халықаралық байқауларда танытып, көпшіліктің көңілінен шығатын тума талант болатынына сенімдіміз, жас талантқа сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/p/BEJsMLjyjsp/?taken-by=bayanyessentayeva_

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close