ЖаңалықтарӘнші

«Меломен» тобының әндерін тартып алған кім?

«Меломен» тобының алғашқы әндерін тұңғыш продюсерлері өзінің жаңа тобына орындатпақ деп хабарлайды НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы.

Талай арудың  жүрегін «О махаббат» деп жырлаған «Меломен» тобының әндерін басқа топ еншілеп жатқан көрінеді. Халықтың оң бағасынан үлесті болған жігіттер ескі әндерін айта алмауына себеп бар.

Руслан Бердіматова — «Назар» тобының музыкалық жетекшісі: «Меломен» тобының орындаған әндерін енді «Назар» тобы орындайды. Өнерге қадам басқан ұжымға мен — продюсерлік етіп жүрмін. Неге «Меломеннің» әнін орындайсыздар? — деген сұраққа жауап қысқа: Бұл әндерді біздің бас продюсеріміз Жанна Әбуова ұнатады, авторлық рұқсатты берген де сол кісі.

Өздерін шығармашылықта дәлеп, халықтың көңілінен ойып тұрып орын алып үлгерген «Меломендіктер» әндерін жас топ еншілегендеріне қатты реніштері жоқ. Есесіне жаңа продюсермен қарқынды жұмыс атқарып, жемісін көріп үлгеріп жатыр.

«Меломен» тобы: Жаңа продюсеріміз өздеріңізге белгілі еліміздің бетке ұстар азаматы, продюсер, композитор — Бауыржан Есебаев ағамыз. «Наурыздың жеті дәмі», «Меломеннің жеті әні» деген осы Бауыржан ағамыздың сөздері мен әндеріне жазылған жеті әнді ұсындық. Аллаға шүкір халық жақсы қабылдап жатыр, әннің барлығы сол кісінің әні, сол кісінің қаражатына жазылған, біз оған ешқандай қарсылық білдірмейміз тек қана «рахмет» дейміз.

Алғашқы продюсерлері хит әндерін басқаларға иелендірсе де, «Меломендіктер» ол туындыларын шетпен жауып, өздеріне қайтарып алғандай болды. Жігіттердің төлқұжат әндері өнерге қанат қаққан «Назар» тобына дәл сондай сәттілік әкеле ме? жоқ па? — оған уақыт төреші.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close