Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Қайрат Нұртас арманымен бөлісті

Танымал тележурналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында әнші Қайрат Нұртас өзінің жеке өмірі жайлы сыр шертіп, алдағы жоспарымен бөліскен болатын.

Қазақ эстрадасында Мейрамбек Бесбаевтан кейін тыңдарман ықыласына ерекше бөленіп жүрген әнші жігіт осы бағдарлама барысында өзінің үш негізгі арманымен бөлісті.

— Ең басты арманым: жүрегіме тезірек иман берсе екен деп тілеймін. Дәл қазір сол уақыт та жақындап қалған сияқты. Өзім соған жүрегіммен, көңіліммен ниеттеніп жүрмін. Ең бірінші арманым –осы. Иман беріп, намазға жығылсам деген.

— Екінші арманым: Отаныма, қазақ еліне сәл болса да, көмегім тиіп, қол ұшымды бере алатындай мәрт жігіт болғым келеді.

— Тағы бір арманым бар: анамды қайғыртпай, өзімнің қолыммен, өзімнің жүрегіммен анама көмектесе алсам екен деймін.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас қандай бағдарламаға сұхбат берсе де, өзінің жеке өмірі жайында әлі де тіс жарып айтқан емес.

Диана Арыс

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close