Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Николай Басков: Қазақстанды жақсы көремін, Қазақстанда байлар көп!

«Қазақстан аруы-2014» Регина Вандышева Мәскеуде өткен «Ресей аруы-2016» сұлулық байқауына қатысты.  

Өнер көрсетіп жатқан кезінде ресейлік әнші Николай Басков Қазақстанның ең сұлу қызына жақындап келіп, оны биге шақырды. «Есіміңіз кім? Сіз «Қазақстан аруысыз» ба? Мен Қазақстанды сондай қатты жақсы көремін! Сіздерде байлар көп. Мәскеуде не істеп жүрсіз? Барлығы қазір Қазақстанда жүр ғой», — деді эфирде Басков.

Регина Вандышева сұхбатында ресейлік сұлулық байқауынан қатты әсерленгенін айтты. «Николай өте көңілді әрі ашық адам. After-party өтіп жатқан кезде ол барлығымызға гүл сыйлады, мақтау сөздер айтты. «Ресей аруы» байқауына келгеніме қуаныштымын, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мені София Никитчук шақырды, біз ол екеуміз Қытайдағы «Әлем аруы-2015″ байқауына бірге қатысқан едік», — деді Вандышева.

Дереккөз: Baq.kz

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close