СараптамаларӘнші

Шоу-бизнестегі «мамасының балалары»

Шоубизнесте қанша жерден талантың тас жарып тұрса да, белгілі бір деңгейдегі қолдау, демеу болмаса, ұшпақтан шығуың қиын. Ал қазақ шоубизінде бренд-продюсерлердің көзіне түспей-ақ, өздерінің аналарының арқасында тасы өрге домалағандар жетерлік. Баласы атқа мінгенде, үйде отырып тақымын қысқаннан гөрі, баласымен бірге атқа шабуға, дұрысы шоубизде тірегі болуға бекінген аяулы аналардың балаларына ықпалы туралы «Жұлдыздар әлемі» тарқатып көрмек.

Әлбетте, дәл қазір отандық шоу-бизнесте аты да, заты да көптің көзіне бірден ілінетін тұлға Қайрат Нұртас екені анық. Анасы Гүлзира Айдарбекованың берген сұхбаттарына сенсек, Қайрат Нұртас мамасыәу баста баласының әншілік қабілетін мойындату қиынға түскенге ұқсайды. Шоу бизнестің шортандарына шәкірт қылуды ойлағанмен, мойын бұра қойғандар аз болыпты. Баласын биіктен көрінуді мақсат тұтқан Гүлзира Үсенқызы ақыры өзі продюссер болмаққа бекінді. Расында да ана жүрегі қате шешім қабылдамапты. «КN» брендін қалыптастарған Қайрат Нұртас қазір отандық шоу-бизнестің көшбасшысы десек артық айтқандық болмас.

TfO4CZ1eHtM

Ел арасында «мамасының баласы» атанған тағы бір азамат — Әли Оқапов. Қазақтың примадоннасы, күміс көмей әншісі Роза Рымбаеваның тұңғышы. Роза Қуанышқызы дәл Гүлзира Үсенқызы секілді бірден жетелеп кетпесе де, баласына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Алайда Әли өз сұхбаттарында, анамның қасынан қалмай, етегіне жармасып өскен бала емеспін, қанша жерден халық артисі болғанымен менің шығармашылығыма мүл­дем қатысы жоқ деуден танбай келеді. Ал тыңдармандар бәрібір оған «Мамасының баласы» деген атауды таңып қойды.

Әншілік карьерасын «Слэнг» тобынан бастаған Әли Оқапов қазір біраз сатыдан өтті. Тіпті продюсерлік қабілетін де байқап келеді.

НагимаКелесі «мамасының баласы» деп, Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаевты айтуға болады. Қазақша әнді сирек шырқаса да, қазақ шоу-бизнесінің өкілі ретінде саналатын Диасқа әнсүйер қауым тақырыптағы атауды жапсыра салған болатын. Ал Нағима Есқалиева болса, ұлының өнер жолына келуіне қарсы болғанын айтады. Әйтсе де, баласы керісінше жасағанын көріп отырмыз.

Анасының арқасында танымал болған тағы бір отандық шоу бизнес өкілі деп Айсәуле Бақытбекті айтуға болады. Әлбетте, бұл жерде талай дарынның талантын ұштап, талай жұлдызды жарқыратқан, бренд-продюсер Баян Есентаеваның қызын әңгіменің өзегі етіп отырмыз. 20140219_10_21_45857Ия, қасына жолаған жасты шоқжұлдыз қылатын анасы қызының танымал болмасына қойсын ба?!

Айсәуле өзін осыдан бірер жыл бұрын шыққан «Мамамия» телешоуының жүргізушісі ретінде сынады. Сонымен қатар ол анасының түсірген телетоптамаларының бірінде екінші қатардағы кейіпкердің ролін ойнады. Қысқасы Баян Мақсатқызының жобалары арқылы көпшілікке танылды десе де болады. Сондықтан да «Мамасының баласы» деген атақтың Айсәуле Бақытбекке таңылуы заңдылық секілді.

Осылайша, көрермендер анасының ықпалы арқылы танылды деп санайтын шоубиз өкілдері туралы ой бөлістік. Біздің мақсат біреуді кемсіту емес, болмаса біреуге атақ беру туралы ойымыз да жоқ. Бар болғаны көрермендер көзқарасын тану арқылы бүгінгі мерекеге орай жазбақшы болдық. Несі бар, баласы үшін Ана бәріне даяр. Кім перзентінің биіктен көрінгенін қаламайды?! Ендеше сол аналарға респект дейміз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close