СұхбаттарӘнші

Димаш Құдайбергенов: «Евровидение» байқауына ұсыныс тастадық

— Димаш, сұхбатымызды соңғы жаңалықтарыңмен бастасақ… 

Шығармашылықтағы жаңалықтарым баршылық. Əр əншінің өміріндегі ең басты да, ерекше оқиға жеке шығармашылық кеш өткізу. Еліміздің тəуелсіздігіне биыл 25 жыл, соған орай Қазақстанның 25 қаласында 25 концерт беру жоспарда тұр.

Бейнебаян түсіру де алдымызда күтіп отыр. Оған арналған əн де дайын. Жақындаған сəтте барлығын хабарлап, халықпен бөлістін боламын.

Айман Мұсаходжаева ханым жақында ғана сізді «Евровидение» байқауына қатысып жатыр деген болатын, сол байқау туралы айтып өтсең…

Жоқ, қатысып жатқан жоқпын. Тек «Евровидение» байқауына ұсыныс тастадық, жауап күтіп отырмыз. Айта кететін бір жәйт, біз «Еуроодаққа» мүше болмағандықтан, бірқатар тосқауылдар бар. Сол себепті жақсы жаңалықты асыға күтудеміз. Елімді тағы да биіктен көрсету менің еңбасты мақсатым.

Өзіңіздіжұлдызбындеп санайсыз ба

Мен қарапайым қазақтың баласымын. Өнерімді халыққа сыйлап жүрген жанмын. Шыны керек жұлдызбын деп айқай салып, айтқым келмейді. Бұл біздің ұлттық келбетімізге қайшы секілді.

— “Жұлдыз” деген ұғымды қалай түсінесіз?

Мен «жұлдыз» деген ұғымды адамға теңегенді , оның ішінде өзіме теңегенді ұнатпаймын. Жер бетіндегі адамдар тең, жұлдыз тек аспанда ғана деген ойдамын.

 

Сахнадағы Димаш пен өмірдегі Димаштың айырмашылығы бар ма?

Өмірдегі Димаш пен сахнадағы Димаштың аса көп айырмашылығы жоқ. Өмірде де, сахнада да өзімді бірқалыпты ұстауға тырысам. Əнді қандай бағытта орындасам, сахнада сол əнге сай өнер көрсету — менің басты міндетім.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close