ЖаңалықтарӘнші

«Mezzo» тобы Меладзенің оң бағасын алды (видео)

Жоғары бағаға ие болған қазақстандық «Mezzo» тобы украиндік «Х Фактор» жобасында əнді керемет орындаумен көзге түсті. Қазақстандық топ жобада кроссовер стиліндегі «Some where» əнімен келесі кезеңге жолдама алды.

Залдағы көрермендер «Mezzo» тобының орындауын жоғары бағалап, орындарынан тік тұрып, қошемет көрсетті.

Атақты продюсер əрі сазгер К.Меладзе қазақстандықтарды шетелдік IL Divo тобымен салыстырып, тіпті бұл жігіттердің əнді ол лидерлерден əлдеқайда таза, əрі үйлесімді айтатындарына екпін түсіріп, топтың əн таңдаудағы талғамына риза болды.

«Mezzo» тобы Қазақстандағы классика мен поп элементтерімен ерекшеленетін классикалық кроссовер бағытында жұмыс жасайтын алғашқы топ екенін атап өтпеске болмас.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close