жоғарыӘнші

«Сені жақсы көремін, Анашым!» Бердібек Құлғараев

Ана туралы шексіз айта беруге болады . Дүниеде, бір жанға ғана терең туысқандық мағынада, шартсыз, кіршіксіз мөлдір махаббат бар. Ол махаббат — Анаға тəн.

Менің анам, Аллаға шүкір, менің барым, жаным, күнім, айым, жақсы атауының бəрі сол кісіге ғана лайық. Жəннатым менің маған кішкентайымнан жоқшылықты көрсетпей еркелетіп өсірді. Оның бір себебі 4 қыздан кейін келген, көптен күткен ұл баласы болғандықтан болар. Бір қызығы бəрі бала балабақшаға барса, менің балабақшам өз үйім болатын.  Əке деген Асқар тау қорғаушым, Ана деген Ұлы тəрбиелеушім және қосымша 4 көмекшісі апаларым (əпкелерім) еді.

Анам менің тігінші болғандықтан, маған əдемі киімдер тігіп беретін. Кішкентай 7,8 айлығымда түскен суретті қарап отырсам, қазақтың ою өрнегімен əшекейлеп тіккен киімін сол ес білмейтін уақыттан бері тіккен екен маған.

Мектеп оқып жүргенімде, Жаңа жыл қарсаңында оқушылар болып сыйлыққа ақша жинайтынбыз, бірақ мен ылғида сол сыйлыққа ақша қоспайтынмын. Сыныпта ата аналар, оқушылар жиналып, мерекені тойлап, сыйлықтарды таратар кезде, менің анам əрдайым маған ерекше сыйлық жасап алып келетін. Себебі сол Жаңа жыл қарсаңында менің туған күнім болатын. Бəрі маған қызыға қарайтын.

Анамның қаншама қиындықтарға қарамастан, жанқиярлық жағдайларды бастан кешіп, бəрі ұл қыздарым үшін деп аянбай еңбек етіп, бізді осындай адам қылып тəрбиелеп өсіргені үшін шексіз алғымды білдіремін. Біз сізге өмірлік қарыздармыз, Анашым. 8 Наурыз — «Халықаралық əйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Ең бастысы деніңіз сау болсын, ешқашан ауырмаңыз, əрқашан жүзіңізден күлкі кетпей, көктемдей құлпырып алдымызда аман есен бақытқа кенеліп жүре беруіңізді тілеймін.

МЕН СЕНІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН, АНАШЫМ, МЕНІҢ ЖƏННАТЫМ!!!

Сізге деген махаббатпен, перзентіңіз Бердібек

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий для Ғалымжан Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close