Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Зарина Диас WTA турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэн қаласындағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Зарина Диас бірінші айналым матчында қытай теннисшісі Кай-Линь Чжанмен кездесіп, оны 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Кездесу бір жарым сағатқа созылды.

Айта кеткен жөн, 22 жастағы Диас әлемнің 52-ракеткасы, ал 25 жастағы Чжан WTA рейтінгісінде 140-орында. Теннисшілер бұрын кездеспеген.

Отандасымыздың келесі қарсыласы румыниялық Андреа Миту мен чехиялық Катержина Синякова кездесуіндегі жеңіске жеткен теннисші болады.

Дереккөз: khabar.kz

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close