Басты жаңалықтарЖаңалықтарСұхбаттар

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» ӘНІНІҢ СӨЗІ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?

Ақын Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» өлеңі атамекенге деген ыстық сағыныштан туған. Қандасымыз Қазақстан Тәуелсіздігін алғанда алғашқылардың бірі болып, елге оралған.

5707643235_38a91f932e_b-1000x600

«Елге оралып келе жатқанымда «Қорғас» бекетінде желбіреп тұрған көк Туымызды алғаш рет көрдім. Шағын ғана шатырлы үй болатын. Соның төбесінде тұрған Туымыз желмен лапылдап, өз тілінде дыбыс шығарып тұрған сияқты көрінді», — деп еске алады ақын.Ерекше көріністен ақынның көңілі алабұртып, шабыты оянады.
«Көк тудың желбірегені,
Бақыттың елжірегені.
Қиырда қалған қазақтың,
Көзінің мөлдіргені…», — деген жолдар сол жерде туады.

Алматыға келген соң, өзге шумақтары жазылады. Ал 2000 жылы композитор Ермұрат Зейіпхан осы өлеңге арнап, ән шығарады, деп хабарланған «Қазақстан» телеарнасының сайтында.

Бұл ән бастапқыда бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Сол кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендірдің құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді.

Ақпарат: www.inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close