ЖаңалықтарСұхбаттар

«Қазақстан аруы-2015» Әлия Мергенбаева миллион теңгені қайырымдылыққа береді

«Қазақстан аруы-2015» атанған 17 жастағы Әлия Мергенбаева жүлде қорынан миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсайтын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, «Қазақстан аруы-2015» атанған кезде Әлияға бес миллион теңге табысталған болатын. Анасымен ақылдасқан ол миллион теңгені Ақтау, Астана және Алматы қалаларындағы балалар үйлеріне беретін болды.

photo_22990

Қазақстандағы ең сұлу қыз үйіне 14 желтоқсанда оралды. Оны әуежайдан ата-анасы, туыстары мен достары күтіп алды. Айта кетейік, бұл ақтаулық қыздың «Қазақстан аруы» байқауындағы алғашқы жеңісі.

Әуежайдан кейін отбасы үйлеріне оралды. Мергенбаева отбасында бес ағайынды. Әлияның ағасы мен екі інісі және сіңлісі бар. Қыз үнемі анасына көмектесетіндіктен, оның қолы босай бермейді.

28a23600ed7f9dfe4e224d0e83078086
Әлияның анасы Жансұлу Бекбосынова мұнай компаниясында вахталық ауысымда жұмыс істейді. «Әлия менің көмекшім, мен үйде болмаған кезде ол балаларға қарап, үй шаруасымен айналысады, тамақ пісіріп, балалардың оқуын қадағалайды, фитнеске де барады. Біз жеңісті күткен жоқпыз, отбасымызбен қуандық. Алғашында әкесі екеуміз Әлияның сұлулық байқауына қатысуына қарсы болған едік. Бірақ қазір өте қуаныштымыз. Әлемде Қазақстанды таныстыратын кезде біз оған қолдау көрсетеміз», — деді Жансұлу Бекбосынова.

69b956060deea546c348c8e53581e936

Әлия Мергенбаева Маңғыстау облысындағы туризм колледжінің үшінші курс студенті. Үйіне келгеннен кейін ол білім ордасына да барып қайтты. Колледжде оны директор мен оқытушылар, достары күтіп алды.

1c7389bcacbf19f83f9b51befc2caa15

«Ол өзінің қарапайымдылығымен, салмақтылығымен ерекшеленді. Әлия колледждегі қоғамдық шараларға үнемі қатысады. Біз оны алғашқы оқу күнінен-ақ аңғардық. Колледжге қонақтар келген кезде ол бізге үнемі көмектеседі. Әлия сабақты да жақсы оқиды. Орыс тілін жақсы білмеуі мүмкін, дегенмен қазақша жақсы сөйлейді, кітап та оқиды. Қобалжығаннан кейін оның жауабын дұрыс түсінбеген болуы мүмкін», — деді колледждің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ажар Бейсенова.

20a4f26ed162905a2d3e96ce55003d68

Әлия Мергенбаеваның мектептегі суреті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close