Жаңалықтар

Астанада «Жаңа белес — 2015» студенттер қатарына қабылдау кеші өтті

Елорда жастары «Жаңа белес» атты студенттер қатарына қабылдау салтанаты үшін «Думан» ойын-сауық орталығына жиналды. Бұрыннан келе жатқан бұл салтанатты рәсім — студенттер қатарына қабылдау кешін кең ауқымда, мерекелік атмосферада өткізудің жаңа форматы. Белгілі эстрада жұлдыздары мен танымал өнер және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін мерекелік шараның басты мақсаты – Астанадағы оқу орындарын таңдаған жастардың бас қала студенті атанудың үлкен жауапкершілік екенін сезіндіру, елорданың ерекше тынысы мен даму қарқынын насихаттау, сонымен қатар елорданың білім ошақтарын таңдайтын студенттер қатарын арттыру. Алғаш рет Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бастауымен қолға алынған бұл шара осымен үшінші жыл өткізіліп отыр. Жыл сайын елорда студенттер қатары артуда. Биыл Астана қаласындағы оқу орындарын таңдаған студенттер саны – 12 208 болса, оның 6004 студенті өзге өңірлерден.

bfcc34e3ea1b6c6772352866b05

«Жаңа белес – 2015» салтанатының ерекшелігі — мерекенің биыл алғаш рет би кеші формасында өтуі. Қала әкімі Әділбек Ырыскелдіұлы Жақсыбеков студенттерге ақ тілегін айтып, естелік сыйлықтарын табыстады. Мұндай құрметке ерекеше еңбектерімен танылған бірінші курстың озат 2000 студенті ие болды. Мереке иелерін «Орда» тобы, Мархаба Сәби, Дос, Жансакс, «Астана Опера» театрының әртістері құттықтап, сондай-ақ, жайдарманшылар мен студенттердің «Тұмар», «Қазақ қыздары», «Драйм лайн», «Шаттық» топтары өнер көрсетті. Мерекелік кешті белгілі театр және кино актері Әділ Ахметов пен «Қазақ аруы – 2015» Кәмшат Қоскелова жүргізді. студенты 2Бұл шараға жастар Мархаба Сәбидің «Ұнайды маған» әніне флеш-моб ұйымдастырды, кеш соңына жалғасқан би кешін Dj Puza7 қыздырды.

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close