Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоумен & ТұлғаӘнші

Ұлттық мұражайда «жұлдызды гид» жобасы өтті

12311340_1526143907705551_79283412_o

DSC_1546Тұңғыш Президент күніне орай 26 қарашада Ұлттық мұражайда отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдызды гид» іс-шарасы өтті. Ұлттық мұражайдың ақпараттық-имидждік жұмыс қызметінің жетекшісі Олжас Сыдықбектың айтуы бойынша жоба ұлттық музейдің имиджін арттыра отырып, халыққа тарихи мұраларымыздың құндылығын насихаттау мақсатында өткізілген.

Жобаға Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева,  Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров пен Гүлнұр Оразымбетова сынды өнер жұлдыздары шақыртылған, оларғаарнайы залдар бөліп берілген. Аталмыш шараға жұлдыздар 1 ай көлемінде дайындалып, мұражай гидтері үлгісінде арнайы киімдер тіктірілген. Бұл жоба одан әрі жалғасын табатын болады.

12287308_1526143931038882_974209682_o

Ашылу салтанатында Ұлттық Мұражай директоры Дархан Қамзабекұлы Мыңбай құттықтау сөздерін сөйледі.

DSC_1519

Шараға арнайы барған «Жұлдыздар әлемі» порталының тілшісі бірқатар «жұлдыз гидтер» мен келген көрермендерді сөзге тартқан еді.

Заманауи өнер залын таныстырған Маржан Арапбаева:

DSC_1642«Идея авторларына үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл жоба арқылы тыңдармандар мен халыққа жақындай түстім. Өзімді жаңа қырымнан танып, арасында көрермендермен әзілдесіп те үлгеріп жатырмын. Алғаш ұсыныс алған кезде қорқыныш пен күмән болған, дегенмен 1 айға жуық дайындадым, қазір міндетімді жақсы атқарып жүрмін деп ойлаймын. Осындай керемет жобалар жалғасын тапса деймін, өйткені осындай жоба бізге қажет. Халық келіп, көріп, оны басқаларға айтып жүрсе, еліміздегі мұражайлардың жағдайы жақсара түсер еді. Күнделікті өмірде мұражайларға бара бермеймін, дегенмен Белорусияда барған әскери музейден үлкен әсер алдым. Анам, тарихтан пәнінің мұғалімі, бала кезімізде тарихи оқиғаларды әңгіме қылып айтып бергені де бүгін көп көмектесті»

Ал Досымжан Таңатаров этно залды таныстырды:

12311334_1526144027705539_1857530966_o«Халықпен жұмыстың ешқашан оңайы болмайды, бірақ маған ұнап жатыр. Жаңа міндетіміз шешендік, ұтқырлық пен есте сақтау қабілеттерін қажет етеді екен. Халықпен сөйлесіп, тосыннан сұрақ қойылғанының өзі қызық. Бұл үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Өзім шоуларға қарағанда, әрқашан патриоттық, елге керек жобаларды қолдаймын.

Өзім ауылда өскен бала болғандықтан мұндағы жәдігерлердің 50 пайызын кішкентайымда көріп өскенмін. Ұлттық музейге осыған дейін де үш рет келгенмін. Ал алғашқы музейіме мектеп кезінде Жамбыл облысының аудандық музейіне барғанмын»

Тәуелсіздік залына Клара Төленбаева гид болды:

12314983_1526144021038873_1895945580_o«Халыққа білгенімді түсіндіру, жеткізу — азаматтық парызым деп ойлаймын, сол үшін ұсынысты қуана қабыл алдым, бірақ өте жауапты іс екен. Періште балалар келіп, сенен мағұлмат алғысы, үйренгісі келгенде бар ниетіңмен түсіндіргін келеді. Оқып, жаттап, жақсылап дайындалдым. Әр келген адамға көп мәлімет беруге тырыстым.

Студент кезімде музейге көп баратынмын, алғашқы рет музейге туған ауылым Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында барғанмын. Ұлттық музеймен ол музейдің арасы жер мен көктей болғанымен, мен үшін сол кезде керемет болып көрінетін. Музейге келгелі барлық тұрмыстық мәселелерді ұмытып, демалып, дайындықтардан соң үйге жақсы көңіл-күймен қайтып жүрдім. Жоба менің де, халықтың да көңілінен шықты. Алдағы уақытта жалғасын тапқанын тілейміз»

Қарақат Әбілдина «Алтын зал» туралы әңгімелеп берді:

12311412_1526143974372211_497318724_o«Жобаға ұсыныс алғалы іштей дайындалдым. Өйткені үлкен адамдар мен балалардың алдында тарих туралы сыр шерту оңай емес. Жауапкершілігі мол болған соң, ізденіп, әр деректі оқып, жүрегіңнен өткізіп барып таныстырған дұрыс. Балаларға да, маған да ұнап, дайындығымыздың нәтижесін көріп жатырмыз. Шекем терлеп, жауырыным жіпсіп, тамаша күй кешіп тұрған жағдайым бар. Өйткені өзім темір дәуірі заманың басымнан кешіп жатқан әсердемін.

Осыған дейін де мұражайға балаларымызбен жиі келетінбіз, бұл жобадан кейін Ұлттық мұражай екінші үйімізге айналады. Ерекше есімде қалған музейім 5 сыныпта зиярат еткен Владимир Лениннің мовзолейі»

«Тәуелсіздік залын» таныстырған Гүлнұр Оразымбетова өзінің қуанышты екенін жасыра алмады:

12281768_1526144007705541_1842996235_o«Жобаны ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Мұражайға шетелдіктердің көп келетінін білеміз, ал бұл жоба арқылы алыс-шалғайдағы халықтың басын қосып, тарихты танытуға үлкен мүмкіндік. Жауапкершілігінен қорықсам да, ұсынысты қуана қабыл алдым. Ата-бабаларымыздан келе жатқан тарихтың әр күнін, әр бөлшегін өзгертпей, есте сақтау мен үшін біраз қиынға соқты, дегенмен осы жоба арқылы тарихтың тереңіне үңіліп, мол мұраға ие бола аламыз.

Ұсынысты қуана қабыл алдым. Мұражаймен таныстыру үшін ауылдағы анамды шақырттым, ұлдарымды сабақтарынан сұрап алдым. Осыған дейін мұражайға қонақтарыммен екі рет келгенмін, ал жолдасым балаларыммен жиі келіп тұрады. Әрине, ән айту да оңай емес, бірақ гид болып халыққа залды таныстыру одан да қиын екен. Сондықтан бұл жоба менің өмірімдегі тарихи сәттердің бірі болып қалады.

Ең алғашқы барған музейім өзімнің ауылым Арал ауданы Қызылжар елді-мекеніндегі мен оқыған №81 мектеп қабырғасында ашылған ауылымыздың соғыс ардагерлері, қайраткерлері, спорт жұлдыздары секілді танымал тұлғаларды дәріптеуге арналған мұражай болатын. Бүгінге дейін, мұражайларға көп бара бермейтінмін, осы жобадан кейін барып тұруға тырысамын, қандай жаңа зал қосылғаны, қандай жаңа жәдігер әңкелінгені бұдан былай маған қызық болады. Бұл залды таныстыру барысында орта ғасырдағы Бозоқ қалашықтың орнында болашақ Астананың бастау алғаны және Бәйтерек пен бірнеше субұрқақтарының жобасын шетелдік архитекторлармен бірігіп біздің Елбасының салғаны мен үшін жаңалық болды»

admin-ajax (2)№77 мектептің 7 сынып оқушылары Ерасыл мен Аружан: 

«Маған Қарақат апайдың таныстырған «Алтын залы» ұнады. Апай өте мейірімді екен, жақсы түсіндірді. Тыңдаудан жалықпай, көп нәрсе біле бергіміз келді. Бірақ, әншілерді гид ретінде көріп үйренбегеннен кейін бе, олардың сахнада ән айтқаны өздеріне әлдеқайда жарасымды болып көрінді. Ертеректегі алтын алу жолдары бүгінгі шара барысындағы мен білмеген жаңалығым болды»

Астана қаласының тұрғыны Сәбира Мүслімқызы: «Астанада тұрсам да, мұражайға бұрын келмеппін. Осы жоба үшін арнайы келіп тұрмын. Музей де, іс-шара да керемет дәрежеде өтті. Жұлдыздар дайындығымен таң қалдырды, әр ойын мағыналы жеткізе білді. Халқымыздың ежелгі өмірін егжей-тегжей түсіндіріп бере алды. Маған Қалқаман Сарин, Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдинаның таныстырғаны ұнады. Мұндай мүмкіндікті ұсынған ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Еліміз аман болсын!»

12295719_1526144064372202_639621165_o 12297914_1526143891038886_1032172944_o 12311753_1526143964372212_589287873_o

 Кеш соңы жұлдыздардың концертімен жалғасты.

Жұлдыздар әлемі

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close