Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттар

Айқын: Жеке ән кешімде қанша әнге халық қосылып, қошемет қаншалықты болса, соншалықты Қазақ эстрадасында үлесім бар дегені.

Айқын Төлепберген 19 қараша күні Астана қаласында жеке есеп беру кешін өткізбек.

image
Айқын, сіздің сахнада жүргеніңізге 10 жылдан асты. Осы жылдарда Қазақстан эстрадасының дамуына қаншалықты үлес қостым деп ойлайсыз?
— Иә, биыл сахнада жүргеніме 12 жыл болды. Мұншалықты үлес қостым деп дөп басып айта алмаймын. 19 – қараша күні болатын жеке ән кешімде қанша әнге халық қосылып, қошемет қаншалықты болса, соншалықты үлесім бар дегені деп ойлаймын.
Сіздің көптеген әндеріңіз нағыз хитке айналады. Бір сұхбатыңызда: “Мен әнді жарыққа шығармас бұрын 100 рет тыңдаймын, егер ол бірінші реттегідей әсер қалдырса, әннің ғұмыры ұзақ болады”, — деп айтқан болатынсыз. Жалпы оның сыры неде?
— Барлығы дерлік “хит” емес, бірақ көбісі тыңдармандардың көңілінен, әсіресе жастардың көңілінен шығып жатады. Ол мен үшін үлкен қуаныш. Бір әнді халыққа ұсынар алдын , мен оны күні-түні тыңдап шығамын. Әр тыңдағаным сайын жаңа өзгерту еңгізу керек пе еді ? -деген сұрақтар қойып, керек жеріне өзгертулерді еңгізіп барып қана шығарамын. Біршама рет тыңдап, көңілімнен шықпай, тыңдармандарына жете алмай қалған 5-6 әндерім де бар.
Білуімізше, “Асылым”, “Ерке қыз” әндерінің сөзінің авторы сіздің әкеңіз. Ал, жуырда ғана, Луина екеуіңіздің орындауларыңызда, “Көршілер” телехикаясына саундтрек “Дуэт” атты жаңа әннің тұсауы кесілді. Әні мен сөзін өзіңіз жазған екенсіз…
— Негізі әкем “совет үкіметі” кезіндегі сатиралық ақын, Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше кітаптары жарық көрген, профессионалды ақын. Ақын дегенде, иә қасиетім бар, бірақ мен өзімді толық қанды ақынмын деп айта алмаймын. Ал , осы әнге келгенде, әнін негізі Данияр деген жігіт жазды, мен оның мелодиясына кішкене өзгертулер еңгіздім. Сөзін болса, бастауын яғни “скилетін” жазып, оны профессионалды ақынға бердім, ол кісі түзетер жерін түзетіп,бағыт көрстті. Менің ойымша, жан-жақты бола білудің өзі талант. Ақын болу үшін сөздік қорың мол, мықты тіл байлық , үлкен еңбек қажет. Мен әлі өзімді ондай дәрежеге жеттім деп ойламаймын.
Айқын, сіз өте еңбекқор, жан-жақты, үнемі ізденіс үстінде жүретін өнерпазсыз. Сол қасиеттеріңіздің арқасында болар, халықтың сізге деген ықыласы да ерекше.
— Мені тыңдайтын аудиторияның көбіне жастар екенін білемін, үлкен кісілер тыңдай ма білмеймін енді , 35 жасқа дейінгілер шығар (күліп). Көрген жерлерінде әйтеуір сәлемдесіп, ыстық ықыластарын жолдап, естелікке суретке түсіп жатады. Мәселен, жақында ғана “Әзіл әлемі” кешінде қонақта болдым. Сахнаға шыққанда, үлкен кісілердің отырғанын байқап, қошеметтеріне бөленгенімде, оның өзі бір көңілімді көтеріп, қуанып қалдым.
Қазір сізді тек әнші ретінде емес, актер, тәлімгер,жүргізуші ретінде танимыз. Болашақта тағы қандай қырыңызбен қуантпақсыз?
— Шынымды айтсам, әлі білмеймін. Сол творчествалық жаңалықтар шығар. Жүргізуші болып көрдім, актер де болып көрдім. Бірақ, бірнеше фильмдерге ғана түскендіктен, өзімді актермын деп айта алмаймын. Жайлап сол қырымнан ашылып, шыңдалу үстіндемін. Компазитор ретінде өзімді сынап көрдім. Әзірге айтарлықтай көңілімнен шыға қойған жоқ. Тәлімгер ретінде келер болсақ, қазір “Жанды дауыс” жобасының қатысушылары Олжас деген жігіт пен Луинаның тобындағы Маржан деген қызбен жұмыс жасаудамын. Дуэт ретінде ұсынсам ба деген ойым бар.
Бүгінге дейін сіз Қытайдың 10 шақты қаласында жеке концерт беріп келдіңіз. Өз еліміздегі тыңдармандарыңыздан шетелдегі қандас-көрермендеріңіздің қандай ерекшеліктерін сезіне алдыңыз?
— Анағұрлым ерекшелік бар деп айта алмаймын. Барлығымыз бір қазақпыз ғой. Бірақ ол жақтағы халық үлкен бір сағынышпен күтеді. Кештен кейінгі суретке түсу рәсімінде үлгере алмай қалып, ұйымдастырушыларға хабарласып, қай жерде отырғанымызды сұрап, тамақтанып отырған жерімізге сұранып келіп түсіп жатады. Тіпті, жайғасқан қонақ үйімізге келіп, күткен адамдар да болған. Осы жағдайлардың бірі, кешкісін қонақ үйге келсек, сондағы жұмысшы қыз қытайша: “Айқын деген кім? Cізді 50 шақты қазақтың қыздары іздеп, 2-3 сағат отырып, күтіп-күтіп кетті” — дейді. Сондықтан ол жақтың ықыласы бөлектеу. Олар әр әншіні ерекше сағынышпен күтеді.Қытайдың 12 қаласында, Алтай, Құлжа, Пекин, Үрүмші секілді қалаларында кеш бердім. Өте жақсы ықыласпен қарсы алды, сергіп, үлкен шабыт алып қайттым. Ол жақтан “Бір досың керек екен” әнін ұнатып, автор рұқсатымен алып келдім. Қазір орындап жүрмін,жақсы сұранысқа ие. Тыңдармандардың да көңілдерінен шығып жүрген сияқты.Жақында бір хит парадқа беріп едім, бір жет ішінде бірінші орынға көтеріліп үлгеріпті.Жалпы әндерімнің бір ерекшелігі, бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Мысалы: “Пах-пах” әні R&B жанрында, “Алтыным”, “Асылым”, “Жалаң аяқ” олардың бағыты мүлдем басқа. Жан-жақты болған дұрыс деп ойлаймын, жастардың өзі қазір жан-жақты.
Ұлы Абай атамыз айтқандай: “Есті кісі болғың келсе, күніне , не аптасына бір рет өзіңнен есеп ал”,-деген. Өз-өзіңізге қаншалықты жиі есеп бересіз ?
— Мен өзіме күнделікті есеп беремін. Мәселен кешке, өзімнен бүгін мен не тыңдырдым? Әншілік жолыма не қостым? Кең танылуым үшін не істедім? – деген сияқты сұрақтармен есеп беремін. Тіпті, достарыммен, жақындарыммен хабарласқанда мен: “Қалайсың? Не істеп жатырсың?” – деп сұрамаймын. “Бүгін не бітірдің?” – деп сұраймын (күліп). Берілген уақытты жай өткізуге болмайды , әр күннің өз пайдасы, дамуға үлесі болуы керек. Кем дегенде бір шаруанының бір күнде пайдасының болғаны жөн.
Қарашаның 19 – жұлдызы күні, алғаш рет Елордамызда есеп беру концертіңізді бергелі жатырсыз. Кеш несімен ерекшеленбек? Тыңдармандарыңызды қандай тосын сый күтіп тұр?
— Бұл кеш Астанадағы алғашқы үлкен жеке кешім болмақ. Ерекшелігі , барлығы жанды дауыста, тіпті шақыртылған қонақтар да жанды дауыста ән салады. Концерт режиссері Украинадан арнайы шақыртылған, білікті маман. Арнайы қойылым, енді барынша заманымызға сай шоу жасауға тырысып жатырмыз. Бұл теле көрсетілімге арналған концерт болғанымен, залдағы көрермендерді де таңқалдыруға, әбден сергіп, көңіл-күйлерінің жақсы болуына еңбектенудеміз. Мені қатты қуантқаны, бір жетінің ішінде билет таусылып,үлкен сұранысқа ие болғаны. Жеке ән кешке көрермен тек сенің әндеріңді тыңдауға нағыз тыңдармандарың келеді, бірең ғана билеттің қалғаны, Астана халқының мені әбден риза қылды. Енді, барынша сенімдеріңізді ақтауға тырысамын!
Кештің басты қонағы кім?
— Мен. (күліп)
Астанадағы жанашырларым, жақындарым, достарым. Ал басты қонақтарым ол әрине, көрермендерім.
Сізбен сұхбаттасар алдын, біз әлеуметтік желіден сауалнама жүргіздік. Сауалнама қорытындысы бойынша сізді тек 35 жасқа дейінгі емес, сіз қателескен екенсіз, сізді біздің мәлімет бойынша тіпті 45-46 жастағылар да сүйіп тыңдайды екен. Сауалнама қатысушыларының сізге қояр басты сұрағы…
— Жанұям ба? (жымиып)
Жо-жоқ, жанұяңыз жайлы , жалпы жеке өміріңізге қатысты сұрағымыз жоқ. Өзіңіз айтпақшы, ол жайлы барлығына белгілі болса, неге ол “Жеке” өмір деп аталады? Бірақ, жанкүйерлеріңіздің, жалпы сауалнаманың 80% жеке өміріңіз қызықтырады екен. Қалған 20% қозғасақ. Сіздің өзіндік ерекше қалыптасқан стильіңіз бар. Өзіңізді сахнада ұстауыңыз, қимылыңыз. Иә, иә қимылыңыз. Сол биіңізді сіз арнайы маманнан үйренесіз бе? Әлде ол өзіңізге сіңіп, қалыптасқан қимыл ма?
— Білмеймін. Мен тіпті сахнада тұрғанда, не істеп жүргенімді де білмеймін. Барынша, өзімді еркін ұстаймын, қозғаламын, көңіл-күйіме байланысты барлығы.
Айқын, уақытыңызды бөліп, шынайы берген сұхбатыңыз үшін рақмет! Сізге тілеріміз тыңдармандарыңызды қуантудан шаршамаңыз, шарықтаңыз, самғаңыз!
Ал , сіздерді біздің құрметті оқырмандарымыз 19 – қараша күні Астана қаласында, 25-қараша күні Балқаш қаласында, 26- қараша күні Қарағанды қаласында Айқын жеке шығармашылық ән кешінде күтеді!

Сұхбаттасқан Дина ОРАЗ

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close