Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

WBA тұжырымдамасы бойынша Г.Головкин қазан айының үздік боксшысы атанды.

Bku5pGgCIAEiTg

Қазақстандық Г.Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) тұжырымдамасы бойынша қазан айының үздік боксшысы деп танылды, деп жазады Vesti.kz. 18 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square аренасында өткен соңғы жекпе-жекте Головкин канадалық Давид Лемьені мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осы жеңісіне байланысты қазақстандық былғары қолғап шебері ортақ салмақта WBA (Super), IBO и WBC (Interim) атақтарын қорғап қалды, сондай-ақ дәл осы салмақ дәрежесінде Лемьеге тиесілі IBF белдігін де жеңіп алды. Бұл кездесу – Головкин үшін 2015 жылдағы үшінші, ал кәсіби рингтегі 34-жеңісі. Барлық жекпе-жектерінде қазақстандық айқын жеңіске жеткен.

Дайындаған: Жақтай Ә.

Дереккөз: 24.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close