InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарСараптамаларСауалнамаСұхбаттарЭксклюзивӘншіӨткенге шолу

Сәбит Әбдіхалықов алтыншы рет әке атанды

Сәбит Әбдіхалықов пен Динара Абдуллина ата-ана атанды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Үшінші рет отау құрған Сәбит Әбдіхалықов тағы да әке атанды. Өзінен 16 жасқа кіші жұбайы Динара Абдуллина шекесі торсықтай ұл сыйлады. Сұхбат беруден бас тартқан актерге ShowNewsKz тілшісі хабарласып, құттықтады.

Тілші: Сәбит аға, құттықтаймын Сізді! Алтыншы рет әке атануыңызбен!
Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ: Рақмет!
Тілші: Видео арқылы хабарлассам, сөйлеме аласыз ба?
Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ: Жо-жоқ, мен ауырып жатырмын қазір.
Тілші: Денсаулығыңыз қалай?
Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ: Шүкір, жақсы, рақмет!
Тілші: Алтыншы рет әке атанған қалай екен? Ұл ғой, аға, иә?
Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ: Аха, рақмет! (телефон тұтқасы қоя салып)
Тілші: Сөйлескіңіз келмей тұр ма? Міне, Сәбіит Әбдіхалықовтың жауабы…

Ал нәрестенің есімін Хақназар қойыпты.Мұны актердің тұңғыш ұлы Асылжанның парақшасындағы жазбасынан білдік. «Алланың қалауымен алтау болдық» деп қуанған бозбала бауырмалдығын көрсетіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Анасы Айгүл Иманбаева да ұлының жазбасына пікір жазып, желі қолданушыларын бір сүйсіндірді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close