ЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаӘнші

«Ата-анам мені басқа қызға атастырған» Дастан Оразбеков бала махаббатына неге қосылмады?

«Орда» тобының солисі жеке өміріндегі жұрт білмейтін құпиясымен «Карантиндегі жұлдыз» жобасында бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Орда тобы дәл осы көктемде жиырма жылдығын тойлауы тиіс еді. Десе де тосынан келген карантин концертті кейінге шегертіп, жігіттердің мерейтойға дайындығы толығымен тоқтатқан. Соңғы уақытта төрттіктің салтанатты кештерде бірге бой көрсетпеуі жанкүйерлерін алаңдатып, біраз уайымға салған.

«Негізінен айтқым келеді, Орда тобы тараған жоқ.  Орда тобы бар мен үшін. Қандай сұхбат болмасын, мен айтатынмын: «Орда тарап кетіпті ғой» — деп жатады, ал мен айтамын. «Жоқ, Орда тобы тараған жоқ. Орда тобы мен үшін әлі де 20жыл бірігіп жұмыс жасайтын топтардың бірі деп есептеймін. Кейде әзілдеп: «Дос-Мұқасан ағаларымыз да жүр ғой, сол кісілердің жолын берсін, біз де сол кісілердің жолымен жүріп келе жатырмыз»деп ойлаймын», — дейді Дастан Оразбеков.

Иә, бүгінде бұл бойзбендтегі ағайынды Беделхандар продюсерлікке бет бұрып, іні-қарындастарының жұлдызын жағуға көшкен. Ал Дастан Оразбеков отандық эстрададағыөзге өнерпаздармен дуэт құруды көздеп жүр.

 «Бірнеше жас өнер иелері: «Аға, дуэт жазайық», — дейді. Сәті түспей жүреді. Себебі қаржылай мүмкіншілік болмайды, ән табылмайды немесе кездесе алмай қаламыз. Бірақ менің жас әншілердің ішінде дуэт айтқым келетіні ол AYREE деген қарындасымыз бар, сол қарындаспен сахнада бір дуэт жазғым келеді. Сөйтіп жазамыз деп жүрген уақытта, күтпеген жерден Марсель деген досым дуэт жазайық деді. Мен үшін Марсельдің кәсіби деңгей, әнге деген талғамы өте жоғары», — дейді әнші Оразбеков.

Айтпақшы, бұл сұхбатта өнер өкілі жастық шағынан да сыр шертуді ұмытпады.  Бозбала кезіндежүрегін жаулаған бұрымдыны еске алып, көпшілікпенешкімге айтпағантәтті естеліктермен бөлісті.

«Қазір де бар шығар деп ойлаймын, достар құда түстіріп қояды өздерінің балаларына. Тараз қаласында әкемнің жақын жолдасы Болат ағам мен Ағайша әпкеміздің қыздарына атастырған болатын. Бірақ басында айтқан: Жастар өздері шешеді өскенде, қосыла ма қосылмай ма. Сондықтан да Тараз қаласына сол үшін барып тұратынмын», — дейді Дастан.

Кезінде талай сұлудың түн ұйқысын ұрлаған Дастан, бүгінде аяулы жар, екі баланың әкесі! Десек те, отбасылық одақтың он бес жылында түрлі қиындықты бастан өткергенін жасырмайды.

«Арамызда ыстығы да болды, суығы да болды. Мен айтқым келетіні, ең бірінші ер азамат кешірімді болуы керек. Ал әйел заты түсініспеншілігі мол болуы керек деп ойлаймын. Егер осы екі нәрсені түйістіре білсең,  Отан берік болады», — дейді әнші Дастан Оразбеков.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close