Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Жұлдыз Мейрамбектің мені танитынын біліп жүрегім тоқтап қала жаздаған

Айнұр Тұрсынбаева: Оқушы күнімде жұлдыз Мейрамбектің мені танитынын біліп жүрегім тоқтап қала жаздаған

Белгілі ақын, айтыскер, тележүргізуші — Айнұр Тұрсынбаева Мейрамбек Бесбаев жайлы қызықтармен бөлісті. 41 жасқа толған Мейрамбекті туған күнімен құттықтай отыра, ол жайлы қызықты естелігін жазды.

“Мені танып отырсыздар ма? Біздің оқушы кезіміздегі нөмірі бірінші жұлдыз Мейрамбек еді. “Ойбай жетім екен, балалар үйінде өсіпті” деп шулап жататын жұрт. Дауысымыз жетсе де, жетпесе де “Бозторғайды” айтып қоймаушы едік. Сөйтіп жүріп Таразға колледжге түстім. Бір күні “Жігіт сұлтаны” байқауы болатын болып, сол жерде Мейрамбек Беспаевтың өзі Тоқтар Серіковпен бірге ән айтады екен деп естіп, көруге бардық. Саxнаның артында тұрған едім, бір кісілер мені Тоқтармен таныстырды. Тоқтар Мейрамбекті шақырып алды.. Сөйтіп тұрғанда Мейрамбек “сен анау Әзімбекті жеңген Айнұрсың ба” деді ғой. Жүрегім тоқтап қала жаздады! Мейрамбек Беспаев мені таниды екен!!!Үйге келіп түнімен ұйықтай алмадым.

Талай әнін тыңдап, аңыз адамға айналған әнші мені біледі екен! Қалай ұйықтайсың мұндайда! Сөйтіп таңертен оянсам телефон шырылдайды! Трубканы көтерсем Мейрамбек!!! “Айнұр, тез біздің үйге қонаққа кел, Тоқтар екеуіңді айтыстырамын” деді.. Құдай берді деген осы! Болды, мен жұлдызбын!Домбырамды көтеріп шауып бардым! Мейрамбек ән салды, біз айтыстық! Естен кетпес тамаша бір күн болды. Бөтен ойдан ада, қыз жігіт боп қылтыңдауы жоқ мөлдіреген таза сыйластық бар еді арамызда. Біраз уақыттан соң мен Алматыда xалқаралық айтыстың бас жүлдесін Тойота Королланы ұтып алдым, жасым 19-да!

Бірінші болып Мейрамбек келді, “барлық танысыңды жинап кел, дастарxан жасап қойдым” деді. Таң атқанша тағы тойлаттық.. Кейіннен Алматыда квартплата төлей алмай қиналып жүрген кезімізде “бәрін қойып, біздің үйге көшіңдер, бірге тұрамыз” деді… Отбасымызбен бірге де тұрдық… Ата-анасын өз әке-шешемдей жақсы көрдім. Кейін Марxабатпен таныстық, “үйленем, осы қызды ерекше сүйіп тұрмын” деді. Бірге жүріп беташар өткіздік. Тойлаттық. Мейрамбек биіктеген сайын қарапайым болды. Бәрі оның дауысына таң қалады.

Мен оның жүрегінің кеңдігіне таң қаламын. Жүрегі үлкен адам ғана сондай дауысқа ие болады! Бір жас жұлдыз оған “сіз сияқты нөмірі 1-әнші болам мен” депті, сонда ол “мені бірінші деп кім айтты, мен Алтекең, Нұрлан ағадан кейінгі 50-әнші болсам да шүкір” деп жауап беріпті! Ол шынында Алланың ерекше жаратқан пендесі! Барлық қуанышыңа ортақпын. Туған күніңмен, ескі дос!”, – деді желідегі инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, туған күнін тойлап бола, Мейрамбек Оңтүстік астанамызда шығармашылығының 30 жылдығын атап өтті. Мейрамбекпен қатар көршілес елдегі танымал  А-Студио да биыл 30 жылдығын тойлауда екен. Өз концертінен соң, әріпестерін құттықтауға 30 жылдықдан 30 жылдыққа Мәскеуге жол тартты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close