Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыРепортаждар

Өзге тілде айтылған қазақ әндері

Қазіргі таңда қазақша әндер, өзге тілде аударылып айтылуда. Қазақ әндерін көбінесе қырғыз немес қытай тілінде айтылып жүргенін көріп жүрміз. Ендеше назарларыңызға өзге тілдерде айтылған қазақ әндерін ұсынамыз!

Қытай халық Республикасының мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің жары әнші Пэнь Люань Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін қытай тілінде орындап, оған бейнебаян түсірді.

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның орындауындағы «Алло» әні хитке айналғаны сөзсіз. Бұл ән Қырғыз елінде де хитке айналған секілді, өйткені Қырғызстанның Жакут Садықов пен Наргиза Айтемірова есімді әншілер қырғыз тілінде орындап, ол әнге бейнебаян түсіріпті.

https://youtu.be/aQSSl6-rurI

Мариям Жагорқызының «Дудар-ай» әні, қытай тілінде орындалып, көпшілікті таң қалдырды.

https://youtu.be/A2tb0W67Obs

Қайрат Нұртастың ең алғашқы шыққан «Арман» әнін Жамбыл Қараев атты әнші ноғай тілінде «Яным» деп орындап, осы әнге бейнебаян түсіріпті.

Қырғыздың жас әншісі Дима Боконов Нұржан Керменбаевтың «Қазақтың баласы» атты әнін «Бірге шырқайық» деп қырғыз тілінде аударып, әнге бейнебаян түсіріпті.

https://youtu.be/cqqK6pW9Bw4

Қазақтар өзге тілдің әндерін рұқсатсыз алып, сотқа шақырылып жатса, ал қазақ өзінің кеңпейілділігін көрсетіп, қазақ әні өзге тілде орындалып жатқанына қуануда.

 

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close