Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаПродюсерШоу бизнесӘнші

Сәбина келін киносүйер қауымға қайта оралды

Нұртас Адамбай бастаған команда, бұл жолы аталған комедияның үшінші бөлімін ұсынбақшы, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Таяуда қазақстандықтар қала қызының қызыққа толы өмірін тағы бір мәрте тамашаламақ. Бұл жолы Сәбина келіннің бастан кешкен оқиғасы ауылда емес, мегаполисте өрбиді.

«Мен өзім түсірген фильмдер туралы пікірді күн сайын естимін. Құдайға шүкір, көбі тек оң көзқарас білдіруде. Мысалы, әріптесіміз Тимур Бекмамбетов «Келинка Сабинка» — ны көріп, бұл кейіпкердің «Елки» туындысында болуын қатты қалады», — дейді Нұртас Адамбай.

Естеріңізге сала кетейік, режиссер бұған дейін аталмыш кинокартинаның екі бөлімін жарыққа шығарып, басты рөлдегі Сәбинаны өзі ойнаған еді. Алайда продюсер өткен жылы көптің сүйіспеншілігіне бөленген келіннің образын соңғы рет сомдайтынын әлеуметтік желіде ресми түрде мәлімдеген болатын.

«Келинка Сабина 3» комедиясының алғашқы түсірілім күндерінен-ақ, әйел образын соңғы рет сомдайтынымды түсіндім. Нәзік жандының рөлінде жүру мен үшін зор мәртебе болды. Бес жыл бұрын мені киноәлеміне әкелген Сәбинаға алғысым шексіз!», — деп жазды режиссер.

Су жаңа картинаның тұсаукесері еліміздегі келеңсіз жайттарға байланысты кейінге шегерілді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close