Басты жаңалықтарЖаңалықтарКлиптерМузыкаСараптамалар

Әли Оқапов тыңдарманына қандай тосын сый әзірлеуде?

Әли Оқаповтың тың туындысы жарық көрді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Жыл басында жаңа командасын жасақтаған Әли Оқапов, таяуда «Бұзық» атты әнге таспаланған тың бейнебаянын тыңдарман қауымға ұсынбақ.

«Әні де, сөзі де менікі. Негізі осыдан жарты жыл бұрын бітіріп қойғанмын. Бірақ осы түсірілімге бір апта қалғанда маған бір жаңа идея келді. Осы әнге тағы бір орындаушыны шақырдым. Өкінішке орай, кім екенін айта алмаймын. Оның айтатын бөлігі құпия және тосын сый ретінде жоспарланып отыр. Бұйырса тұсаукесерден кейін білетін боласыздар», — дейді Әли Оқапов.

Бүгінде Әли жаңа әнінің аудио нұсқасы барлық музыкалық платформаларда жаппай таратуда. Ал клип дәл қазір монтаждалу үстінде. «Бұзық». Атауына сай әрі тосынсыйға толы туынды жақын күндері жарыққа шығады. Күтіңіз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close