Жаңалықтар

Димаш «I am singer» байқауының финалына өтті

Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 10-кезеңде үшінші орын иеленіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Димаштың қытайлық жанкүйерлері жарыса жазуда деп хабарлайды Nur.kz

Димаш бұл кезеңде өз репертуарындағы «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындаған. Естеріңізге салсақ, «Ұмытылмас күн» әнінің авторы Димаштың өзі болып табылады.

Димаш жобаның келесі турына қатыспай, бірден финалда өнер көрсетеді.

Димаштың осы күнге дейін жинаған ұпайы оған осындай мүмкіндік беріп отыр. Айтпақшы Димаш бұл жолы үшінші болып өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 10 кезеңі артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орыннан көрініп, қарсыластарымен қатар келе жатыр.

Еске сала кетейік, өткен 9-кезеңде Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның All by myself әнін орындап, екінші орын алған.  Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close