PR-менеджерБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерСұхбаттарШоу бизнесӘнші

«Сағынамын!» KeshYou-дің экс-әншісі топтан кеткеніне өкініп жүр ме?

Назым Әбілдина өзіне жат бағытта ән шырқамақ, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Екі жылдай KeshYou құрамында қызмет еткен Назым Әбілдина, жеке шығармашылықпен айналысқалы жұрт назарынан алшақтаған. Бұрында Баян Алагөзованың қарамағында болған бұрымдыға бүгінде анасы продюсер.

«Жеке шыққанның бір минусы, біз бұрында дайынған келетінбіз, әнің дайын, сөзің дайын. Саған осы уақытта, мына жерге кел деп жазады. Ән айтып бересің де, кетесің. Ал жеке шыққаннан кейін жұмыстың бәрін өзің істейсің», — дейді Назым.

Атышулы топқа қабылданған сәтте Назымның вокалдық қабілеті көңіл қуантарлықтай болмаған. Баянның орталығында кәсіби тұрғыда шыңдалғанын  енді сезініп жүр. Сондықтан болар, сылқым Кешьюдегі күндерін жиі сағынатын сыңайлы.

«Жеке шықтым, енді артқа жол жоқ. Әрине, сағынатын кездер болады. Бірақ өкінбеймін. Не болса да, барлығын жақсылыққа жору  керек», — дейді әнші.

Алайда Назым топтан кеткеніне біраз уақыт өтсе де өз болмысына сай бағытты таппай жүргеніне қынжылады. Себебі сылқым қазақ эстрадасында өзімен қатарлас нәзік жандылардың қарасы аз емес екенін, әрі өзі өнер көрсеткен KeshYou қыздарының арасында да бәсекелестіктің барын жақсы біледі.

«Мүмкін рэп оқып қалатын шығармын. Бірақ қашан орындаймын әзірге білмеймін. Сосын сазгерлер орыс тілінде екі ән көрсеткен. Бірақ анам, орыс тілінде сені ешкім тыңдамайды деп рұқсат берген жоқ», — дейді ару.  

Бүгінде шығармашылық ізденістегі Әбілдина, өзіндік стиль қалыптастыруда адаспауды қалайды. Себебі Назым қазіргі күні шаш бояп, сырға таққандар өздерін q-popтың өкіліміз деп кеудесін соққанымен, анығында олардыкі корейлік музыканың тек қазақша баламасы екенін алға тартады.

«Бұл да өнердің бір түрі. Бірақ q-pop деп, k-popпен ауыстырып алған сияқты. Өйткені тек қана корейлік бағытқа жақын топтар, әнші ұл-қыздар, өздерін q-pop өкіліміз деп санайды. Ал негізі «q» деген қазақ поп деген сөз ғой. Бұл топқа қазақ эстрадасындағы Қайрат Нұртас, Мадина Сәдуақасова,  Роза Рымбаевалар жатады. Негізі мен осы кісілерді қазақ эстрадасының жұлдыздары деп санаймын», — дейді Әбілдина.

Қалың жұртшылыққа қаршадайынан танылған Еркеш пен Назым балалар байқауынан соң «Лүпіл» тобын құрғанын көпшілік жақсы біледі. Кейіннен Хасен Alemband-ке, Әбілдина KeshYou құрамына қабылданып, екі бөлек кеткен еді.  Бүгінде олар бірге өнер көрсетпесе де, таяуда  композитор мен әнші ретінде шығармашылық тандем құрмақшы.

«Менің келесі әнім кішкене баяулау болады. Оны Еркеш маған арнайы жазып берген. Менің жағдайымнан хабардар болған соң ба, сезініп, аға ретінде қобалжып туындыны жарыққа шығарды. Бұл өлеңнің өз тарихы бар», — дейді әнші.  

Назымның алдағы уақытта жарыққа шығатын махаббат жайлы тың туындысы, шығармашылығына жаңа леп әкелмесе, бұған дейінгі «Ультиматум» әні тыңдарман тарапынан қолдау таппаған еді. Аталмыш бейнебаян екі ай ішінде бар жоғы 70 000 қаралым жинаған. Бұл шоу-бизнестегі стастистика бойынша айтарлықтай жетістік емес.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close