InstaNewsЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Әнші Динара Сұлтан «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Динара Сұлтан үшін 2020 жыл жағымды жаңалықпен басталды. Әнші «Мәдениет саласының үздігі» марапатын еншіледі, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет тарапынан өнерпаздарға көрсетілген құрмет толастар емес. Бүгін Динара Сұлтан «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды. Шығармашылығын бағалап, елеп-ескерген жандарға алғысын айтқан әнші, қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

«Құттықтап қойсаңыз артық болмас. Қуанышымда шек жоқ. Менің өнерімді бағалап, қолдап жүрген барша жандарға мың алғыс! Өнер жолында менің өнерімді жоғары бағалайтын аға-әпкелерім де аз емес,соның ішінде осы төсбелгіге лайықты деп санаған Тоқтар ағама мың алғыс! Алла разы болсын. Алда әлі де үлкен белестерге жетем деген үміттемін,тек сіздердің қолдауларыңызбен, жандарым!» — деді Динара инстаграм парақшасында.

Әдетте, әншілер атақ алса бірден сынның садағына ілігетін еді. Бір қызығы, Динараға кереғар пікір жазған желі қолданушылары болмады. Соған қарағанда Сұлтанды лайық деп таныса керек, оқырмандары бірден құттықтауларын жаңбырша жаудырды.

«Дұрыс санапты Тоқтар мен Бейбіт. Сіз жастар тәлім-тәрбие бере алатындай шынайы өнер иесісіз», «Құтты болсын. Жұмысыңның жемісін көр», «Құтты болсын. Лайықтысың. Жарайсың», «Әркімнің шыққан тауы биік. Жұғысты болсын бізге де», «Сен мәдениет саласының үздігі болуға әбден лайықсың», — деді әншінің жанкүйерлері.

Айта кетейік, Динара Сұлтан бірнеше халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері. Отандық телеарналардың бірінде өткен «Жұлдызды жекпе-жек» жобасының үшінші маусымында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, шоу-бизнестегі көп балала аналардың тізімінде. Дәл қазіргі таңда әншінің алтыншы баласына аяғы ауыр!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close