Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыСараптамалар
Төреғалидың тойы қалай өтуде? «Жұлдыздар Әлемінің» жұлдызды зерттеуі.
Сіздермен бірге «Жұлдыздар Әлемінің» жұлдызды зерттеуі. Бүгінгі біздің айдарымыздың басты себепшісі — Төреғали Төреәлінің үйлену тойы. Кеттік!
- Той Толқынның ұзатылып, Алихановтар (Төреәлі Алиханов — Төрештің әкесі) отбасына келін боп түскеннен соң, арада 3 жыл уақыт салып үйлену тойы енді өтуде. (Ұзату 2014 жылы болған)
- Төреғали алғашқы сұхбаттарының бірінде, жігіттің 25 жасында отау құрғаны дұрыс екенін, өзі де сол жасында отау құрғысы келетінін айтып өткен. «Айхай 25» — жеттің-ау! Баламалы түрде болса да, бастысы той жиырма бесінде өтіп отыр.
- Тойдың ұйымдастырушыларының бірі, Төрештің концерттің продюсері — Жан Мұқановтың «ZHAN ALEMI GROUP» орталығы.
- той 2017 жылдың 17-қазаны, 17:00. Әттең, шілде емес!
- «Amaty RIXOS Grand Ballroom» іші бүгін жердегі жұлдыздарға толы.
- Тойға белгілі телеарналар мен журналистер де шақырылды.
- Төреғали мен Толқынның үйлену тойын жасауға, екі балаларының бар болғаны да кедергі болмады. «Ештен кеш жақсы» — дегендей.
- Жар-жардың керегі не, Жігіттер тұрғанда?! Екі жас Жігіттер квартетінің әнімен жиналған қауымға сәлем берді.
- Тайды тек сүндет тойда емес, «кешіккен» үйлену тойда да, нағашылардың арқасында мінуге болады.
- Толқынның үйлену тойға арнайы тіктірген көйлегінің бағасы 1,000,000 теңге екен.
- Тойдың тізгінін алты жүргізуші ұстады. Бір емес, екі емес бірден 6 жүргізуші. Ескерте кететін жайт: Төреғали мен Толқын екінші рет отау құрып жатқан жоқ! 2014 жылы өткен ұзатудан кейін, үлкен тойды етене дайындықпен енді жасауда.
бақытты болыңдар жас жубаилар