Жаңалықтаржоғары

Асхат Садырбай vs Қайнар Алагөзов Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс?

Белгілі журналист Асхат Садырбай әнші Төреғали Төреәлі мен оның досы, айтыскер ақын Қайнар Алагөзовке өз ренішін жеткізді. Төреғали мен Қайнар әлеуметтік желіде тележүргізушінің намысына тиетін сөздер айтқан деп хабарлайды Nur.kz

Журналист олардың өзіне қатысты жазған сөздерінің скриншотын жариялап, араларында кикілжіңнің барын аңғартты.

«Осыларды да өнердің өкілдері, мәдениетті насиxаттаушы, өнерпаз дейді-ау?! Пір тұтатын өнерпаздарымыздың әңгімелері осы болса жетіскен екенбіз! Ұят. Бұл олардың тараптарынан бықсып жатқан бірінші әңгіме емес. Сендер қолдарыңды инстаграмға ала шаппас бұрын алдымен бағдарламаны көрулерің керек еді. Өкінішті.

Қайнар, иә, менің қандай екенімді xалық біледі. Халық сені де, сенің қорғаштап отырған әншіңді де жақсы біледі. Ал, мен журналистпін, сендер жайлы өзгелерден көбірек білемін. Бірақ жарияға жар салып ғайбаттау менің тәрбиемде жоқ. Ашуыма тимеңдер. Мен сені танымаймын, сырттан тып-тыныш сыйласып жүре берейік.

Қазақпын деп көкірек қағып, показуxа жасамай, қазақ деген атқа лайық болайық. Мынау тірліктерің ұят! Аттарыңа да, заттарыңа да сын! Мен сендермен айтысқым келмейді. Мен бейбітшілік және тұрақтылық үшін! Әңгіме осымен бітсін!«, — деп жазды әнші.

Танымал айтыскер ақын Төреғалиге "тиіскен" Асхат Садырбайға шүйлікті (фото)

Ал желі қолданушылары болса әнші мен ақынның бұл әрекетіне түрлі пікірлерін жаудырып, өзара дауласып кетті.

Айта кетерлігі, Төреғали де, Қайнар да өз пікірлерін өшіріп үлгеріпті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close