Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Айгүл Иманбаеваның ғашығы кім?

Өнер иесі арқа сүйер азаматын жолықтырған ба? Иманбаева жүрегінің жартысына қандай талап қойған? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

Айгүл Иманбаева «Көргім келеді» атты бейнеклиптегі серіктесімен бірге түскен суретін желіге жариялаған сәтте-ақ, тыңдармандары тойдың ауылы алыс емес деп топшылады. Оқырмандарының бір легі бақыт тілесе, екінші жартысы жас жігітпен роман құрғанын жақтыртпай қалған еді.

«Мен халықтың аузында жүрейін деген оймен емес, бейнебаянға  қызығушылық және  аңдатпа ретінде салдым. Жарнама деуге болады. Ал жеке өміріме еш қатысы жоқ», — дейді әнші.

Бұл Иманбаеваның жұрт назарын аудару үшін жасаған алғашқы қадамы емес. Бұған дейін де бейтаныс азаматтармен қол ұстасып, инстаграмда пост жазған еді. Осылайша оқырманын сан мәрте әуре-сарсаңға салғаны бар.

«Нартай деген курстасыммен бір киноға барып, кездесіп қалдық. Фильмнен шыққаннан кейін екеуміз әңгіме айтып, группалас болғаннанк кейін бір үйдің баласындай қол ұстасып алып келе жатасақ, көмекшім екеумізді түсіріп алыпты. Оны да «кім деп ойлайсыздар» деп салып қойдым. Басқа ештеңе жазбадым», — дейді өнер иесі.

Иманбаева кезекті пиар үшін ұлымен жасты серімен сезімге толы фото жүктеп, «бұл менің жігітім» деп жазба қалдыруға да жасқанбаған. Бірақ бұл әрекеті жұрттың ашуын тудырып, әншіні әбден сынның астына алған еді.

«Өткен жылы «А.И.» театрында «Менің әйелім өтірікші» деген комедияда, күйеуімді 22 жастағы ұлыммен қатар жігіт ойнады. Актер мамандығында ол таң қалардық жағдай емес. Себебі менімен шамалас актерлар бізде аз», — дейді актриса.

Мұндай жарнама жасауға Айгүл Иманбаеваның еті әлдеқашан үйренген. Анығында актриса жеке өмірін көпшілік назарына ұсынудан аулақ боп шықты.

«Сүйікті адамымды ешқашан әлеуметтік желіге шығарған емеспін, шығармаймын да. Алдағы уақытта отбасын құрып жатсам ғана, ер-азаматыммен жиын-тойларға бірге баруым мүмкін. Бірақ шоу-бизнеске жақындатпаймын», — дейді әнші.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close