InstaNewsЖаңалықтарМузыкаПродюсерШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Әнші Батыр Байназаров алғаш рет қызымен түскен суретін жариялады

RinGo тобының экс-мүшесі Батыр Байназаров, дүйім жұртқа тұңғыш рет қызын көрсетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

2018 жылы «Аюми» тобының әншісі Әсел Жамақаевамен шаңырақ көтерген Батыр Байназаров, бүгінде Сальма есімді сүйкімді бүлдіршіннің әкесі. Тұңғышын бір жыл бойы жұрт назарынан тыс ұстауды жөн көрген өнер иесі, желіде қызымен түскен суретін алғаш рет жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды.

Байназаров Instagram парақшасында: «Туғанына бір жыл өткен соң, тәтті қызыммен түскен фотоны жариялағым келіп отыр. P.S. Мә шә Аллаһ деп айтуды ұмытпаңыздар!», — деп жазды.

Әншінің қызын көрген әлеуметтік желідегілер:

«Тәтті қыз», «Ғұмыры ұзақ болсын!», «Әкесінен аумайды», «Басқасын қайдам, құлақ өзіңіздікі», «Тіл көзім тасқа, әкесінің аузынан түсіп қалған», — деп жылы пікірлерін жарыса қалдырды.

Айта кетейік, бір жыл бұрын дүбірлі той жасап, кілең отандық шоу-бизнестің өкілдерінің басын қосқан қос өнер иесі, азулы продюсер Алуа Қонарованың қанатынан түлеп ұшқан.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close