Басты жаңалықтар

Заңгер «Еуразия» арнасын сотқа берді!

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына қазақстандықтарды отанын сатты деп айыптаған «Еуразия» арнасының ожайыны «Еуразия+ОРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстінен шағым түсті, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

Шағымды аудандық сотқа заңгер Нұрхан Жұмабеков тапсырған. Шағымданушы арнаны жауапқа тартып, өзіне моральдық шығын ретінде телеарна басшылығынан жүз мың теңге өндіріп беруді сұраған.

https://youtu.be/0P7S7ZbXYPw

Естеріңізге салсақ, телеарна журналистері 24 сәуір күні Атырауда, 27 сәуірде Семей мен Ақтөбе қалаларында, ал, 1 мамырда Қызылордада жер саудасына наразылық білдіріп митингке шыққан халықты шетелдік топтардан 50-150 АҚШ доллары көлемінде қаржы алды деп айыптаған болатын. Телеарна ұжымы бұған дәлел ретінде белгісіз азаматтардың ақша таратып жүрген видеосын да көрсетті.

Дереккөз: qamshy.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close