Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Бауыржан Байбек пен өнер жұлдыздары сенбілікке қатысты

300 мыңнан аса алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматының барлық сегіз ауданында сенбілік өткізіліп, ағаштар отырғызылды.

Сенбілікке қала тұрғындарымен қоса әкім Бауыржан Байбек, әкімнің орынбасарлары, әкімдік аппараты мен басқармаларының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамның белсенді мүшелері, мәдениет, өнер қайраткерлері мен спортшылар қатысты.

Олардың қатарында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Әли Оқапов, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Қазақ Мемлекеттік Академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрінің дирижері Дінзухра Тілендиева, бокстан спорт шебері, әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, «МузАрт» тобының әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Сәкен Майғазиев, эстрадалық және джаз орындаушы Жанна Орынбасарова, мәслихат депутаты әрі актер Асылхан Төлепов және басқалар бар. 

 Дереккөз:kaz.tengrinews.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close