Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

«Асырап алған шығар!» Түсіпбаева екінші мәрте сәбилі болған Жазираға қатысты пікір білдірді

Инстаграм желісінде сәбимен түскен суретті жүктеп, екінші мәрте ана атанғанын айтқан Жазира Байырбекованың әрекетін әріптестері түсіне алмай әлек, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше әлеуметтік желіде жарияланған Жанболат пен Жазираның  қуанышты жаңалығы көпті таңғалдырды. Ерлі-зайыптылар араға 22 жыл салып екінші мәрте сәбилі болғандарын жазды. Алайда, тосын хабар әртістер қауымының санасын сан-саққа жүгіртуде.

«Енді біз той-томалақта Жазирамен кездесіп тұрамыз. Біздің амандығымыз түзу. Және де мен білетінім Жазира ол ауыр аяқ болған жоқ.  Мен оның ауыр аяқ адамның іші көрініп тұрады ғой. Аша Матай сияқты. Асырап алған шығар деп ойладым. Өз ойым, өзім солай ойладым. Бірақ енді тағы да айта кетейін. Бала асырап алу деген үлкен жауапкершілік», дейді Меруерт Түсіпбаева.

Меруерт ханымның пікірі осындай. Жазираның қызды болғанына тағы бір болжам бар.  

«Енді жасанды жолдың  жолдары көп қой енді. Егерде шариғатта некесіз болмаса, мысалы біреудің генетикалық материялын біреуге салуға болмайды деген сияқты. Оның некесі болу керек деген сияқты. Ол нәрселерді құптамаймын», — дейді Талғат Жорабаев.  

Сәбиімен түскен суретін желіге жүктеген сәтте Байырбекованың  өнердегі құрбылары бірден құттықтауларын жолдауда. Ербатыровтар әулетіндегі қуанышты жаңалық әріптестеріне күтпеген тосын сый болған секілді. Енді олар шоу-бизнестегі шілдехана тойын тағатсыздана күтуде.

«Жазира мен Жанболат сол қызды жақсылап өсіріп, соны ұзататын күнге жетсін. Біз бірге жетейік», — деді Түсіпбаева.

«Ол бала асырап алу деген қазіргі таңда шыққан нәрсе емес. Шын мәнінде шексіз қуаныштымын! Ол кісілерге кішкентайларының бауы берік болсын деп тілеймін», — дейді әнші Әзімбек Байлин.  

Жылдар бойы күткен кішкентай ханшайымның есімі – Дара! Жанболат пен Жазираның тұңғышы Қазыбек қарындасының атын өзі қойған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close