InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнес

«Ол қыздан не таптың?» Тәуекел Мүсілімнің үйленгенін арулар ауыр қабылдауда

Күні кеше үйленетінін мәлімдеген Тәуекел Мүсілімнің жағымды жаңалығын естіген арулар актерға наразылығын білдіруде, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Отандық шоу-бизнестегі бойдақтар қатары бір санға азайды. Осы уақытқа дейін жеке өмірін жасырып келген Тәуекел, ресми түрде үйленетінін растады. Инстаграм желісіне қалыңдығымен түскен суретін жүктеген Мүсілім жұрттан сүйінші сұрады.
«Көрімдік дайындай беріңіздер. Бет ашылды, апаның және әулет үлкендерінің батасын алдық», — деп жазды Тәуекел.

Мүсілімнің бұл жаңалығынан шоу-бизнес өкілдері де хабардар. Актерды әлеуметтік желіде әріптестері де құттықтауда.
«Жаңа ғана жағымды жаңалығыңды естіп, қуанып отырмын. Жақсы жігіт сендей-ақ болсын. Махаббат екеуіңді құттықтаймын! Бақытқа лайықсыңдар», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Желі қолданушылары да Мүсілімнің шаңырақ көтергенін естіп таңғалыстарын да жасыра алмады. Алғашқы тарап жылы лебіздерін жаудырса, кейбір арулар ауыр қабылдауда.


«Расымен үйленді ме? Бақытты болсын», «Тәуекел маған ұнайтын еді. Жастарға бақыт тілеймін. Махаббаттары мәңгі болсын», «Бір Алладан тілейік жұптары жазылмасын!», «Ол қыздан не таптың, өкінішті!» — деді желі қолданушылары.
Тәуекелдің жүрегін жаулаған арудың есімі – Махаббат. 24 жастағы бұрымды Қарағанды медицина университетінің түлегі. Сондай-ақ, Мүсілімнің сүйіктісі 2017 жылы «I Vice-miss Karaganda» титулын иеленген.


Алғашқыда некесін қидырып, күні кеше сүйіктісіне сырға салған Тәуекелдің дүбірлі тойының күні әзірге белгісіз.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close