InstaNewsЖаңалықтарКино & Театр

«Томирис» тарихи фильмі мәскеулік көрермендердің назарына ұсынылмақ

Мәскеуде қарашаның 18-23 аралығында «Қазақстандық кино апталығы» өтпек. Отандық туындылардың ішінде көрермен көзайымына айналған «Томирис» фильмі де ресейлік тұрғындар назарына ұсынылмақ. Бұл мәдени шара жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған деп, хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Осы жылдың 26 қыркүйек күні тұсауы кесілген «Томирис» туындысы Ресей мемлекетінің бас қаласында көрсетілмек. Бұл жайында аталмыш тарихи драманың режиссеры Ақан Сатаев өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

«Жақсы жаңалық! Қазақстандық киноларды қолдайық», — деді режиссер.

Аталған кино апталықта «Томирис» фильмімен қатар, қазақстандық бірнеше ленталар көрерменге ұсынылады. Бұл тізімде Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», Нұртас Адамбайдың «Құдалар», «Лифт» картиналары және «Шыңырау», «Әміре», «Каникулы OFF-LINE», «Регистратор» сынды кинотуындылар бар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close