ЖаңалықтарСән

Санди Бексырға: «Кәсіби шеберлік жетіспейді!» Танымал визажист отандық сәнгерлерді сынға алды

Kazaкhstan Fashion Week сән көрсетілімінде танымал дизайнерлердің дайындығына визажист Санди Бексырғаның көңілі толмады деп, хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі

Aida Kaumenova, Arunaz , Кiori, Yerlan Zholdasbek және Alexchzhen! Күні кеше  Kazaкhstan Fashion Week шымылдырығын түрді! Алғашқы минуттардан бастап, дизайнерлердің дайындығы сынға ілікті. Мәселен, қырағы көрермендердің бірі – Санди Бексырға. Танымал визажист көрсетілімдегі коллекциядан бұрын, сән сахнасына шыққан қыздардың шаш үлгісі мен макияжына шүйлікті.
« Негізі мен тек қана киімге мән бермеймін. Сән көрсеткен қыздардың макияжы мен шаш үлгілерінде кәсібишеберлік жетіспейді. Маған ұнаған жоқ. Сән көрсетілімінде барлығы анық көріну керек. Себебі, біз киімдерді керемет қылып көрсетуіміз керек қой. Ал бұл жерде модельдердің бояулары қалай болса солай жасала салған. Көңілім толмады»,- дейді Санди Бексырға.

Әдетте сән апталықтарында тың топтамаларын жиі таныстыратын Ая Бапани бұл көрсетілімге қатыспады. Өйткені, өзінің қолынан шыққан киім үлгілерінің форматы тым басқа.
«Менің топтамаларым кішкене басқа форматқа келеді. Бүгін біз көргеніміз күнделікті киетін киімдер. Ал, менің киімдерім шоу нұсқада болып табылады. Сондықтан форматы кішкене келіспей қалды»,- деді Ая Бапани.


Ал, Аида Кауменова сәнгер әріптестерін бәсеке көрмейді. KFW-да ерекшеленуді қалаған дизайнер жаңа топтамасын әртістер арқылы наисхаттауды жөн көрген.
« Мен осы бренд маған бәсеке деп ешқандай дизайнерді көрсете алмаймын. Себебі, әр сәнгердің өзіндік таңдауы, киім үлгісін жасауда қолтаңбасы болады. Одандық дизайнерлерді сыйлаймын . Олармен бәсекелесу ойымдада жоқ»,- деді Аида Кауменова.

Айтпақшы, «Arunaz» брендін де отандық шоу бизнес өкілдері жиі тұтынады. Бірақ, Назым ханым жұлдыздардың жарнамасына мұқтаж емес.
Мен осы жолы ешқандай жұлдыздар қауымын шақырған жоқпын. Себебі, модель қыздарымыздың өздері де топтамамды жақсы көрсетеді деп ойлаймын»,- деді Назым Карпыкова.


Бұл Қазақстан сән апталығының алғашқы күні! Іс-шара әлі екі күнге жалғасады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close