Жаңалықтаржоғары

«Жүрегім ақ» деп ән шырқаған Айқын Төлепберген тағы да шудың астында қалды

Оның жеке өміріндегі екіұшты өзгерістерден жалықтыңыз ба? Ендеше алдағы бір ай көлемін тағы да Айқынның жаңалықтарымен өткізуге дайын болыңыз. Өйткені, Айқын Төлепберген Гәкку арнасында «Жүрегім ақ» атты жаңа бейнебаянының тұсауын кесті.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Алғашқы қадам жасалғаны сол-ақ еді, тағы да даудамайдың астында қалды. Себебі аталмыш бейнебаянның бас кейіпкерін Айқынның екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали сомдап шықты. Әрине, Жұлдыздың да шоу-бизнесте асқан біраз асуы барын ескерсек, мұнда тұрған не бар деген ойға келеміз…

Дегенмен, желі қолданушыларының бас кейіпкердің рөлін Жұлдыздың сомдауына қарсы келуіне Айқынның өз сөздері түрткі болып отырғандай.

Естеріңізде болса, Астана арнасынан берілген «Мақпал мекен» бағдарламасындағы сұхбатында Айқын алғашқы жары Әселді өзгеге қимайтынын, егер оның тарапынан басқаға тұрмысқа шығу ұсынысы түсіп жатса, құптамайтынын ашық жеткізген еді. Осы сөздерін іліп әкеткен көрермендер Айқынның бейнебаяндарында Жұлдыздың бас кейіпкер атануы Әселдің жүрегін жаралайды екен.

Айта кететін тағы бір жайт, Жұлдыз Айқынның бейнебаянында бірінші рет рөл сомдап тұрған жоқ. Осыдан 3 ай бұрын, яғни 2018 жылдың 19 қарашада тұсауы кесілген «Ты моя» атты бейнебаянда да Жұлдыз төбе көрсетті. Әрине, кейіпкер сомдаушы ретінде болмағанмен, «Ты моя» әнінің құрамдас бөлігін орындап, бейнебаянда суреттелген оның камео-рөлі әннің нақ орындаушысына қарағанда халық арасында біраз сөз тудырды. Бірі Жұлдыз әндеткен тіркестерге тиіссе, енді бірі оларды байланыстырып тұрған «бәйбіше-тоқал» байланысын барынша айқындауға тырысқан еді. 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close