ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Бүгін «The World’s Best» жобасының кезекті саны шығады. Димаш қандай ән салады?

‘The World’s Best’ жобасында әлемнің үздігі атауы үшін таласқа түскен Отандасымызға әрбір көрерменнің қолдауы маңызды.

Иә, «әлемнің үздігі» теңеуі дәл қазіргі сәтте тек бір адамға ғана тән екені барша қазақ халқына мәлім. Ол – Димаш Құдайбергенов! Аспан асты елінде “I am a singer” жобасына қатысып, нағыз әнші екенін дәлелдеген ол «Әлемнің үздігі» атауына да әбден лайық екенін мойындату үшін бақ сынасуда.

Дегенмен, оның аталмыш жобада төбе көрсетуі барлық әлем үшін үлкен резонанс тудырғаны анық. Қалай дейсіз бе? «The World’s Best» жобасының Димаш тамылжыта ән шырқаған бөлігі 1 млн қаралым алып үлгерді. Оған қоса, жобаның тікелей эфирі барысында Твиттер әлеуметтік желісіндегі дауысқа салу нәтижесі бойынша Димаш ең үздік атанып, «The World’s Best» жобасының ресми сайтында қызу талқыға салынып, Твиттер әлеуметтік желісінің Tranding бөлігінде бірнеше сағатқа жуық үздіктердің тізіміне ілікті. Ол ол ма, жобаның нақ өзінде тұтас қазылар алқасын таңдай қақтырған ол әлемдік елдер эксперттерінен құралған «Әлем қабырғасының» да орнынан тұрып, қошеметке бөлену сәтінің себепкері болды. Тіпті, сайыста бар 100 ұпайдың 98-ін жинап, келесі кезеңге нық қадаммен аяқ басты. «6 октавалық адам» лақабын лезде өзіне сай еткен оның құйқылжыта ән шырқау әдісін ағылшын тілді желілер мен сайттар жарыса жазуда. 28 ақпан да сол бір сәттердің айна қатесіз қайталанған көрінісімен бейнеленеді деген сенімдеміз. Өйткені, бүгін Димаш Құдайбергенов «The World’s Best» жобасының кезекті шығарылымында өз репертуарынан ән шырқайды. 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close