ЖаңалықтарСпортШоу бизнес

Қанат Ислам қара нәсілді қарсыласынан айласын асыра ала ма?

Бүгін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қәсіпқой бокс кешіне куә болады. Дүбірлі доданың басты жекпе-жегі Қанат Ислам мен америкалық Уолтер Каутондоква арасында өтеді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Қарсыластар шаршы алаңда отандасымызға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International чемпиондық атағын сарапқа салмақ. Күні кеше БАҚ өкілдерінің басын қосып, соңғы әзірлігін пысықтаған былғары қолғап шеберлері кездесу алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді.

Қанаттың қарсыласы кәсіпқой бокстағы мансабында 18 жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіліс тапқан. Қара нәсілді жігіт бұл жолы қазақстандық спортшыны сұлататынына сенімді.

«Мен Қазақстанға Қанат Исламды сынау үшін немесе оның қабілетін көру үшін келген жоқпын. Менің негізгі мақсатым – чемпиондық белдік! Ертең бұл белдікті өз еліме алып кетемін! Қазақстанда қалмайды», дейді америкалық боксшы Уолтер Каутандоква

Уолтердің уытты сөзіне Қанат та қарап қалған жоқ. Әрдайым «арық айтып, сезім шығатын» Ислам, төрткүл әлем көз тіккен төрт бұрыштағы төбелеске тас-түйін дайын.

«Тек қана айтамын: Бұл қалжыңдайтын нәрсе емес! Ең соңғы секундқа дейін дайын болу керек. Сол үшін қазір мен 12 раундқа дайынмын деп айта аламын. Керемет бокс болады деп ойлаймын. Рахмет!» — дейді Қанат Ислам.

Бұл бас қосуда Қанаттың менеджері ел күтпеген мәлімдеме жасады. Qazaq проумоушнның ендігі көздегені – әйгілі Канэломен кездесу!

«Біз түбінде Канелоны Қазақстанға әкелетін боламыз. Біз Головкиннің басында болған жағдайды қаламаймыз. Біз Канеломен шығамыз! Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — дейді Қанаттың менеджері Нельсон Лопес.

Айта кетейік, бүгін Алатау баурайында өтетін кәсіпқой бокс кешінде басты жекпе-жектен бөлек, тоғыз жұп қолғап түйістіреді. Бұл тізімде Арман Рысбек, Руслан Мырсатаев сынды мықтылар бар!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close