Басты жаңалықтарЖаңалықтарЭксклюзив

«Денис Тенді» қоқыс жапты

Осыдан 1 жылға жуық уақыт бұрын, яғни 24 мамырда әлемдік мұз айдынын бірнеше мәрте бағындырған Қазақстанның беткеұстары Денис Тен Астана қаласында «Ханшатыр» ойын-сауық кешенінің Жеңімпаздар аллеясына өз қолымен ағаш отырғызған еді. Тура қазақтың қолынан қаза табар күннен 2 ай бұрын.

Дегенмен, «Көзден кеткен көңілден де кетеді» демекші, Денис Тенді ұлықтау да аяқталды ма дерсің. Оған куә — мына сурет.

12 наурыз күні Астана тұрғыны түсірген бұл суретте «Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен» деген еске алу тақтайшасы мен ол отырғызған ағашты қоқыс салатын жәшік басып тұр. Ұлылар осылай ұмытылады деген ойға келе қан жылайды ішің. Бұл әрекет дұрыс па, бұрыс па? Сіздерге хабарлаушы «Жұлдыздар әлемі» порталы, қорытушы — өздеріңіз, оқырмандар.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close